Қазақстанда eGov GPT цифрлық ассистенті арқылы мемлекеттік қызметтер саны үш есе артады. Бл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады Үкімет отырысына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов мемлекеттік органдардың алдына толыққанды цифрлық экожүйені қалыптастыра отырып, мемлекеттік қызметтер жүйесін одан әрі трансформациялау және мемлекеттің азаматтар мен бизнеспен өзара іс-қимылының проактивті моделіне көшу міндетін қойды.
«Мемлекет басшысы ел өмірінің әр саласына, бірінші кезекте, азаматтарға және бизнеске мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде озық технологиялар мен жасанды интеллектіні жаппай енгізу міндетін қойды. Жасанды интеллект құралдарын шешім қабылдау үдерістерімен ықпалдастырып қана қоймай, олардың көмегімен мемлекеттік қызметтер көрсетудің толыққанды цифрлық экожүйесі қалыптасуға тиіс. Бұл ретте мемлекет пен азаматтың өзара іс-қимыл моделі одан әрі де шешімдерді проактивті түрде қабылдау қағидатына негізделуі қажет»,— деп атап өтті Премьер-министр Үкімет отырысында.
Сондай-ақ бүгінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласы цифрландырудың жоғары деңгейіне жеткені туралы айтылды.
«”Электрондық үкімет” порталы толығымен жаңғыртылып, жаңа eGov 3.0 платформасына көшірілді.
![]()
