ШҚО полицейлері құдықтан ес-түссіз жатқан екі ер адамды құтқард. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.

Ұлан ауданындағы Қасым Қайсенов кентінде полицейлер кәріз құбырларын тазалау кезінде құдыққа түсіп, есінен танып қалған екі жұмысшыны құтқаруға көмектесті.

Бүгін коммуналдық кәсіпорындардың бірінің екі жұмысшысы жұмыстар жүргізген. Ер адамдардың бірі кәріз құдығына түсіп, кенеттен есінен танып қалған. Әріптесіне көмектеспек болған екінші жұмысшы да оның артынан түскен, алайда ол да есінен танып қалған.

Оқиғаны сол маңнан өтіп бара жатқан Ұлан аудандық полиция бөлімінің криминалисі, полиция капитаны Асет Нағашбаев байқаған. Дабырлаған дауыстарды естіп, құдықтың маңында адамдардың жиналғанын көрген ол болған жағдай туралы учаскелік полиция инспекторына дереу хабарлаған.

Оқиға орнына полиция майоры Нұрдәулет Тетепов келді. Әр секундтың маңызды екенін түсінген ол арқан сұратып, оны бекітіп, құдыққа өзі түсті.

Өз қауіпсіздігіне қатер төнгеніне қарамастан, полиция қызметкері алдымен бір жұмысшыны есін жиғызуға және жер бетіне шығаруға, кейін екіншісіне көмектесті. Олардың екеуі де келген жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

Полиция капитаны Асет Нағашбаевтың қырағылығы мен полиция майоры Нұрдәулет Тетеповтің батыл әрі жедел әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік туды.

Шығыс Қазақстан облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *