Қарағандыда әлеуметтік желідегі әрекеті үшін 56 жастағы стример Еркен Жантықпаев әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ол TikTok желісінде әйелдер киімін киіп, қоғамда сын тудырған әрі құқыққа қайшы деп бағаланған контент жариялаған.

Полиция аталған дерек бойынша шара қолданып, материалды сотқа жолдаған. Сот қаулысымен стримерге 10 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалып, ресми ескерту жасалды.

Қазіргі уақытта Еркен Жантықпаев әлеуметтік желідегі аккаунттарын жойған. Полицияның мәліметінше, ол бақылауда болады. Құқық бұзушылық қайталанған жағдайда заң аясында қатаңырақ жауапкершілік қарастырылуы мүмкін.

“Әлеуметтік желі заңнан тыс кеңістік емес. Көпшілікке арналған контент те заң талаптары мен қоғамдық тәртіп шеңберінен шықпауы тиіс”- деп ескертті Қарағанды облысының полиция департаменті

Қарағанды облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *