Бейтаныс қалада адасып қалған 13 жастағы балаға полицейлер көмектесті. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады

Жақында қалаға ата-анасымен бірге көшіп келген 13 жастағы бала ағасымен бірге Автонұр базарына бір таныстарына барған.

Бір сәтте ағасынан көз жазып қалған бала өз бетімен үйіне қайтпақ болып, автобусқа мінеді. Алайда жаңа қоныстанған үйінің нақты орналасқан жерін білмегендіктен, қала ішінде шамамен екі сағат бойы автобуспен жүріп қалады.

Автобуста отырып патрульдік полиция полкі ғимаратын байқап, қоғамдық көліктен түсіп, полицейлерден көмек сұрайды.

Полиция қызметкерлері баламен сөйлесіп, жағдайды анықтағаннан кейін оның Автонұр базарынан ағасымен бірге шыққанын біледі. Қызметкерлер баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оны базарға апарып, ағасын іздеп тауып, аман-есен табыстады.

Шымкент қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *