Шымкент қаласында патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне, қызмет атқару барысында полиция аға лейтенанттары Тойшыбек Айдос пен Уалихан Айдыннан көмек сұрап азамат жүгінеді.
Оның айтуынша: баласының басынан жарақат алып, қан кетіп жатқан, бірнеше секундқа есін жиып, қайтадан есінен танып қалған.
Жағдайдың шұғылдығын түсінген полицейлер уақыт жоғалтпай, баланы қызметтік көлікке отырғызып, қалалық балалар ауруханасынп жедел жеткізді.
Дәрігерлерге тапсырылғанға дейін полиция қызметкерлері баланың қауіпсіздігіне барынша назар аударып, қажетті көмекті ұйымдастырды.
Шымкент қаласы
![]()
