Бала қауіпсіздігіне бейжай қарамаған тұрғын мен полицей марапатталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.

Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Оңал Бекеев саябақта жалғыз жүрген 3 жастағы бүлдіршін туралы «102» арнасына хабарлаған тұрғын Арман Вилориевич пен оқиға орнына жедел жеткен полиция капитаны Сұлтан Сапарғалиевті алғыс хатпен марапаттады.

Естеріңізде болса,  саябақта жалғыз жүрген бүлдіршінді баурына басып, анасына аман-сау табысьаған полиция капитаны туралы ақпарат  жариялған болатынбыз.
16 тамыз таңғы сағат 07:25-те Атырау қаласындағы саябақта серуендеп жүрген тұрғын кішкентай баланың жалғыз жүргенін байқайды. Жанында ата-анасы да, жақындары да жоқ. Жағдайдың қауіпті екенін түсінген азамат бірден «102» арнасына хабар береді.
Шақырту түскен бойда патрульдік полиция қызметкері полиция капитаны Сұлтан Сапарғалиев оқиға орнына жедел бағыт алды. Небәрі 10 минут ішінде жеткен полицей 3 жастағы бүлдіршінді өз қамқорлығына алып, қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
Бейтаныс ортада жалғыз қалған балаға ең алдымен қамқорлық пен жылы қарым-қатынас қажет еді. Сондықтан полиция қызметкері бүлдіршіннің көңілін аулап, онымен тіл табысып, өзін еркін әрі қауіпсіз сезінуіне жағдай жасады. Осы уақытта тәртіп сақшылары оның ата-анасын анықтауға кірісті.
Көп ұзамай баланың анасы табылып, бүлдіршін аман-есен табысталды.
Атырау облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *