TikTok-та балағат сөз айтып, көше тазалауға мәжбүр болды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Полиция қызметкерлері TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир барысында бірнеше рет балағат сөздер айтқан Қызылорда облысы Сырдария ауданының 36 жастағы тұрғыны Қуаныш Олжабаевты анықтады.
Құқық бұзушылық жасаған кезде ол алкогольдік масаң күйде болған.
Сот шешімімен Қуаныш Олжабаев ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 60 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.
Қазіргі уақытта ер адам сот тағайындаған жазасын өтеуде. Ол көшелерді сыпырып, аумақты арамшөптерден тазартып, басқа да қоғамға пайдалы жұмыстар жасауда.
Интернет — заңсыздыққа жол берілетін аумақ емес. Тікелей эфир жауапкершіліктен босатпайды. Құқыққа қайшы әрекет қай жерде жасалса да — көшеде немесе әлеуметтік желіде — заң алдында жауапкершілікке әкеп соғады.
Қызылорда облысы
![]()
