Маңғыстауда «Қарасора» ЖПІШ аясында 100 грамнан астам апиын тәркіленді. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
5 тамызда Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс прокуратурасының үйлестіруімен республикалық «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында екі күдіктіні ұстады.
Күдіктілердің бірінің автокөлігін тексеру барысында полиция қызметкерлері 600 мың теңге тауып, тәркіледі.
Кейін екінші күдікті ұсталды. Оның автокөлігін тексеру кезінде 480 мың теңге тәркіленді. Ақтау қаласындағы жалдамалы пәтерге жүргізілген тінту барысында жалпы салмағы 100,8 грамм болатын есірткі заты — апиын салынған 10 орама мен полиэтилен пакет табылып, тәркіленді. Сондай-ақ электронды таразы, есірткі дайындауға және қолдануға арналған құралдар және 670 мың теңге тәркіленді.
Медициналық куәландыру нәтижесінде екі ұсталған азаматтың да есірткілік масаң күйде болғаны анықталды.
ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер Ақтау қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.
Маңғыстау облысы
![]()
