Ұлытау облысы Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Сапардың қатысуымен жеке құрамның гарнизондық саптық байқауы өтті.
Саптық байқау барысында қызметкерлердің қызметтік даярлығы, сыртқы келбеті, саптық тәртібі және жүктелген міндеттерді орындауға дайындығы тексерілді.
Департамент бастығы жеке құрамға қызметтік міндеттерді жоғары жауапкершілікпен атқару, заң талаптарын қатаң сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Қазіргі таңда өңірде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқаруда.
Ұлытау облысы
![]()
