Атырауда полиция майоры Роман Есмұханов есінен танып құлаған 32 жастағы әйелге дер кезінде көмек көрсетті.
Оқиға 21 тамыз күні сағат 13:50 шамасында қаладағы маркеттердің бірінде болған. Сол жерде болған Атырау облысы Полиция департаментінің Жеке құраммен жұмысы жөніндегі басқармасының аға инспекторы Роман Есмұханов әйелдің жағдайын байқап, бірден көмекке ұмтылған.
Полицей әйелді қауіпсіз жерге жатқызып, тыныс алуын бақылап, жедел жәрдем келгенше жанынан табылды.
Кейде адам өміріне араша түсу үшін қызметтік бұйрықтың қажеті жоқ. Қиын сәтте қасыңнан табылып, қол ұшын созу-адамгершіліктің белгісі.
Роман Есмұхановтың әрекеті- полиция қызметкерінің формасының артында ең алдымен адам тағдырына бейжай қарамайтын азамат тұрғанының бір көрінісі.
Сардар Әбдіжақия
Атырау облысы
#БІЗДІҢПОЛИЦИЯ #Атырау #Полиция
![]()
