Елордада қоғамдық орында шалбарын шешкен ер адам жауаптылыққа тартылды
Елордадағы әкімшілік ғимараттардың бірінің фронт-офисінде 68 жастағы ер адам металл іздегіш рамкадан өту кезінде көпшілік алдында шалбарын шешкен.
Полиция қызметкерлері ер адамның жеке басын анықтады. Оның Шығыс Қазақстан облысының тумасы, Өскемен қаласының тұрғыны 68 жастағы Ризабек Жұмағалиев екені белгілі болды. Өз әрекетімен ол айналасындағыларға анық құрметсіздік танытып, қоғамдық орында жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларын бұзған.
Аталған ер адам ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Іс материалдары сотқа жолданды.
Полиция қоғамдық орындарда мінез-құлық нормаларын әдейі елемеуге және айналасындағыларға құрметсіздік танытуға жол берілмейтінін, мұндай әрекеттер заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соқтыратынын ескертеді.
Астана қаласы
![]()
