Түркістан облысының Леңгір қаласындағы шабуыл жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Алдын ала мәліметтер бойынша түнгі уақытта белгісіз адамдар тұрғын үйге кіріп, жәбірленушіге дене жарақатын келтірген және ұялы телефонын алып кеткен.

Қазіргі уақытта әйелдің жағдайы тұрақты және оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Полиция күдіктілерді тезірек ұстауға бағытталған тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралар кешенін жүргізуде. Барлық жағдайлар анықталуда.
Тергеу барысы Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.
Түркістан облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *