Жылдамдық өлшегіш камерасы арқылы анықталған көлік айыптұраққа қойылды. Онда жүргізуші көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі орнына «НЕТУ» деген жазу қойып алған.
Түркістан облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Кезекті жұмыс күні облыстық Патрульдік полиция инспекторларына трассадағы камера арқылы жол қозғалысы ережесін бұзған көлікке қатысты бағыттама келіп түсті.
Аталған хабарлама бойынша жедел іске кіріскен патрульдік полиция республикалық маңызы бар «Шымкент–Самара» автожолының 143-шақырымында «Toyota Camry» маркалы автокөлікті анықтап, тоқтатты.

Көлік жүргізушісі Қызылорда облысының 29 жастағы тұрғынына қатысты көлік құралдарын пайдалану талаптарын бұзу және жол қозғалысына қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтамау бойынша әкімшілік шара қолданылды.
Полиция қызметкерлері жауапкершіліктен жалтарып, камераға түсіп қалмау мақсатында әдейі мемлекеттік тіркеу нөмірін алып тастаудың соңы заң аясында жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
Түркістан облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *