Ақтөбеде полиция қызметкерлері адасып қалған қызды ата-анасына аман-есен табыстады
Ақтөбеде полиция қызметкерлері адасып қалған қызды ата-анасына аман-есен табыстады. Таңғы уақытта патрульдік қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлері көшеде жалғыз жүрген алты жасар қызды байқап қалған. Бала жылап, ата-анасын іздеп жүрген. Анықталғандай, қыз аулада ойнап жүріп, байқамай көшеге шығып кеткен. Үйіне қайтар жолды таба алмай, абдырап қалған.

Полиция қызметкерлері баланы қауіпсіз жерге жеткізіп, оның ата-анасын іздеуге кірісті. Жақын маңдағы аулалар мен көшелер тексеріліп, көп ұзамай қыздың отбасы анықталды. Полицейлер баланы ата-анасына аман-есен табыстады. Оқиға барысында полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекеті баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Полиция ата-аналарға кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді. Сондай-ақ балаға адасып қалған жағдайда полиция қызметкеріне немесе сенімді ересек адамға жүгіну керектігін алдын ала түсіндірген жөн.
Ақтөбе облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *