Әлеуметтік желі арқылы кеңінен таралып, Жетісай ауданындағы бір отбасында орын алған өгей анасының қатыгездікпен балаларын ұрып-соғып, дене жарақаттарын салу арқылы зорлық көрсеткен жайты құзырлы органдармен анықталған. Бұл жайт Жетісай АПБ-де тіркелді. ҚР ҚК 140-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге шектеу шарасы қолданылады. Комиссия шешімімен балалар әжесіне тапсырылған. Бұл жайт Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің және облыс прокурорының бақылауында.
Түркістан облысы ПД ескертеді, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 147-бабы «Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу» бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
сурет шартты
«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі
Түркістан облысы
![]()
