2019 жылғы 30 сәуірде Жоғарғы Сот 18 қылмыстық істі қарады. Оның ішінде екі іс бойынша сотталғандар ақталды.
Серіковтің ісі бойынша.
Жұмажан Серіков 2018 жылы, басқа қылмыстары үшін бас бостандығынан айыру орындарында болып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі әкімішілігінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін 1 жыл 1 айға бас бостандығынан айыруға сотталған.
Апелляцияда үкім қайта қаралмаған.
Серіков қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына қасақана бағынбағаны үшін кінәлі деп танылған.
Кассация істі қарап, оған қатысты шығарылған сот актісінің күшін жойды. Серіковтің әрекетінде 2016 жылдың маусымынан 2018 жылдың мамыр айы аралығында жасалған бағынбаушылықтың тоғыз эпизодына қатысты қылмыс белгілерінің болмауына байланысты қылмыстық істі жүргізу тоқтатылды.
Серіковтің тәртіптік жазаға тартылған іс-әрекеті, ҚАЖ-дың қалыпты жұмысын бұзған жоқ. Іс материалдарында әкімшілік талаптарға бағынбауына, агрессивті мінез-құлық көрсетуіне және мекеме қызметкерлеріне қатысты наразылық сөздер айтылуына қатысты нақты дәлелдер келтірілмеген.
Серіковке тағылған айыптау кезекші бақылаушылар берген айғақтардан ғана тұрады. Іс бойынша өзге де фактілер көрсетілмеген. Бұзушылықтың мәні нақтыланбаған, материалдарда «жанжал шығарды», «мекеме басшылығына наразылығын білдірді», «камерааралық сөйлесулер жүргізді» және т.б. жалпылама айтылған сөздер мысалға келтірілген.
Серіковпен бірге болған сотталғандардан жауап алынбаған, айыптау басқа да растайтын дәлелдемелерді ұсынбаған.
Айыптаудың 8 және 9-эпизодтары бойынша қылмыстық істі қозғау кезінде тағылған айыптаулар іс жүзінде өтелген және қылмыстық қудалау үшін қандай-да бір құқықтық салдары жоқ.
Қылмыстық істің материалдары тергеу сотының біржақтылығын, Серіковтің мекеме әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбауға бағытталған ниетінің және тәрбиелік әсер ету орнына қатысты айыптау көзқарасының болмағанын көрсетті.
Мұратбаевтың ісі бойынша
Мұхтар Мұратбаев 2018 жылы лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылған және өмір бойына құқық қорғау органдарында белгілі-бір лауазымдарды иелену құқығынан айырыла отырып, 4 жылға бас бостандығынан шектеуге сотталған. Ол «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заң талаптарына сәйкес негізгі жазадан босатылған.
Айыптауға сәйкес, Мұратбаев тергеу жұмысындағы айғақтарды жақсарту мақсатында құқық бұзушыға қатысты ұсақ бұзақылық туралы хаттама толтырған, оны қарау үшін сотқа жіберген. Құқық бұзушының сотқа келуін қамтамасыз етпеуіне байланысты орнына Мұратбаев танысының барып қатысуын сұраған. Сотта құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс оның мерзімінің ескіруіне орай тоқтатылды. Осы үшін Мұратбаев «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жауаптылыққа тартылған.
Апелляция үкімді заңды күшінде қалдырған.
Мұратбаевтың әрекетінде құқық бұзушылықтың болмауына байланысты кассация үкімнің күшін жойды. Кассация қаулы қабылдауда келесі тұжырымдарды басшылыққа алды: .
1. ҚР ҚК-нің 361-бабының 2-бөлігінде лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдаланғаны үшін жауаптылық көзделген, оған сәйкес «азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңмен қорғалатын мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiру» белгілері міндетті түрде болуы тиіс.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы Мұратбаевқа қатысты айыптау актісінде және сот органы үкімде оның нақты қандай әрекеттермен азаматтар мен ұйымның құқықтары мен мүдделеріне ауыр зиян келтіргенін, әрі нақты кімге қатысты зиян келтіргенін анықтамаған және көрсетпеген.
Мұратбаевтың қылмыстық қудалаушы органдар келтірген залалды өндіріп алу құқығы бар деп танылды.
Айдос Сәдуақасов парақшасынан
Нұр- Сұлтан қаласы
![]()
