Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйледі. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жаңа ғана сөз сөйлеген құрылтай мүшелері маңызды ой-пікірлер айтты. Құрылтайдың аясында пайдалы пікір алмасулар болды. Барлығы еліміздің дамуына қажетті болатынына сенемін. Бүгін Ұлттық құрылтай жиыны осымен бесінші рет шақырылып отыр. Бұл Форумның алғашқы отырысы ұлт ұясы – Ұлытауда өтті. Екінші жиын түбі бір түркі жұртының қара шаңырағы – Түркістанда болды. Үшінші отырыс бірегей Атырау аймағында ұйымдастырылды. Ал былтыр тарихы бай Көкшетау төрінде жиналдық. Енді міне, қастерлі Қызылорда жерінде бас қосып отырмыз. Бұл – халқымыз үшін орны ерекше аймақ. «Сыр – Алаштың анасы» деген аталы сөз бар. Осы атыраптағы Шірік-Рабат, Жанкент, Сығанақ, Алтынасар, Баршын-кент қалаларының орны көне заманның өзінде қазақ жерінде дамыған қала өркениеті болғанын аңғартады. Қызылорданы сол әйгілі қалалардың заңды жалғасы дей аламыз. Бұл шаһардың тарихи мән-маңызы айрықша. Оның осыдан бір ғасыр бұрын Қазақстан астанасы болғаны баршаға мәлім. Бұл жерде еліміздің болашағына қатысты аса маңызды шешімдер қабылданды».

Мемлекет басшысы: «Жалпы, «Сыр елі – жыр елі» деп бекер айтылмайды. Қорқыт ата заманынан жалғасып келе жатқан жыраулық-жыршылық және күйшілік өнер бұл аймақта кең қанат жайған. Жиенбай, Нұртуған, Нартай сынды саңлақтар негізін қалаған жыршылық мектептерді бүкіл еліміз біледі. Сыр бойы – нағыз еңбек адамдарының мекені. Кеңес заманында осы аймақтан 100-ге жуық Еңбек Ері шыққан. Әйгілі күрішші – Ыбырай Жақаевты халқымыз ерен еңбектің символына балайды. Аға буынның абыройлы жолын бүгінгі ұрпақ лайықты жалғастырып келеді».

Президент: «Соңғы жылдары Қызылорда облысы заман талабына сай өсіп-өркендеп жатыр. Былтыр аймақтың ішкі жалпы өнімі 6,5 пайызға өсті. Үш жылда облысқа 2 триллион теңгеге жуық инвестиция тартылды. Былтыр 27 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Соның ішінде жаңа жылу электр орталығы іске қосылғанын ерекше атап өткен жөн. Стратегиялық маңызы бар бұл нысан толығымен инвестордың қаржысына салынды. Жылу орталығы аймақтың энергетикалық қауіпсіздігін нығайта түседі. Облыс тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Халықтың 80 пайызы көгілдір отынды пайдаланады. Елді-мекендерге газ құбырын тарту жұмысы алдағы уақытта жалғаса береді. Аймақтағы автокөлік жолының сапасы жалпы жақсы жағдайда деуге болады. Облыстың әуе және темір жол жүйесі де жаңғыртылып жатыр. Қорқыт Ата әуежайының жаңа терминалы ашылды. Қызылорда қаласындағы тарихи ғимараттың бірі – темір жол вокзалы күрделі жөндеуден өтті. Бұған қоса, аймақтағы 10 темір жол бекетін жаңғырту жұмысы басталды. Мұның бәрі облыстың логистикалық әлеуетін арттыра түседі».

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазір Қызылорда облысында, әсіресе, әлеуметтік салада жақсы жаңалық көп. Үш жылда осы аймақта 34 білім беру, 45 мәдениет және спорт нысаны салынды. Бұған қоса, 40 медицина нысаны ашылды. Менің тапсырмаммен Қызылордада 300 орынға арналған көп бейінді аурухананың құрылысы басталды. Көп ұзамай 500 орындық емхана және 200 орындық перзентхана салынады. Бір сөзбен айтқанда, Қызылорда облысы барлық салада қарқынды дамуда. Облыстың жағдайы жалпы жақсы деп күмәнсіз айтуға болады. Бұл – әкім Нұрлыбек Нәлібаевтың белсенді, табанды жұмысының нәтижесі».

Президент: «Өткен ғасырдың ортасында адамзат баласы алғаш рет Байқоңырдан ғарышқа аттанғаны – бүкіл әлемге белгілі дерек. Ұлы Жібек жолының бойындағы тарихи өлке жаңа дәуірде де ойдағыдай дамуда. Қызылордаға келіп тұрып, Арал мәселесіне тоқталмай кету мүмкін емес. Аралды құтқару – барша адамзат үшін әлі де өте өзекті міндет. Мен бұл мәселе туралы халыққа Жолдауымда айттым. Жылдар бойы жүргізілген жұмыстың арқасында Солтүстік Аралды құтқарып қалдық. Қашқан теңіз қайтып, кіші Аралдың қалпына келе бастағанына біраз жыл болды. Қазір Көкарал бөгетін биіктету шаралары қолға алынып жатыр. Жоба осы жылдың соңында басталады. Кіші Аралдың суының көлемін айтарлықтай көбейтуге мүмкіндік болады. Бірақ бұл – тек біздің қолымызда тұрған мәселе емес. Қазақстандағы ірі өзендердің көбі бастауын көрші мемлекеттерден алады. Дарияның басында тұрған елдердің су саласындағы саясатына байланысты Сырдың суы теңізге әр кезде әртүрлі көлемде жетеді. Демек көп түйткілдің шешімі су саласындағы шебер дипломатияға байланысты. Қазір Орталық Азия елдерінің бәрімен су ресурстарын бірлесе пайдалану туралы келісімдер жасалды. Түптеп келгенде, Арал ғана емес, Каспийдің, Балқаштың, Ертістің тағдырын шешу үшін көршілермен мәмілеге келіп, келісімдерге қол қоюымыз қажет».

Мемлекет басшысы: «Су – еліміз үшін стратегиялық ресурс. Біз су мәселесімен жүйелі түрде айналысуымыз керек. Мен былтыр Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында Халықаралық су ұйымын құруды ұсындым. Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау барысында осы мәселені алға қарай жылжытуымыз қажет. Алдағы сәуірде Астанада Халықаралық экология саммиті өтеді. Жиында Аралды құтқару қорына мүше мемлекеттер басшыларымен Арал мәселесін талқылаймыз. Кіші Аралдың қалпына келуі бүкіл Сыр өңірін одан әрі көркейтуге жол ашады деп үміттенеміз».

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бүгінгі басқосуға Сыр елінің азаматтары қатысып отыр. Олардың ішінде ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, кәсіпкерлер және жастар бар. Осы орайда, жергілікті халықтың еңбекқорлығы мен ұйымшылдығын атап өткім келеді. Мен Сыр елі жұртшылығының бойынан туған жерге деген сүйіспеншілікті, қамқорлық пен жанашырлықты, нағыз отаншылдықты көремін. Облыс орталығымен қатар, әр ауылдың тазалығы көз тартады. Мысалы Нағи Ілиясов, Таң ауылдарын бүкіл елге үлгі ретінде үнемі айтып жүремін. Сіздер осы аймақпен қатар, күллі еліміздің дамуына үлес қосып келесіздер».

Мемлекет басшысы: «Біз бір ел, бір халық болып жұмыла білгеннің арқасында өткен жылды мол табыспен аяқтадық. Былтыр экономикамыз 6,5 пайызға өсті. Еліміздің ішкі жалпы өнімі 300 миллиард доллардан асты, ал, жан басына шаққандағы үлесі Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет 15 мың доллар болды. Бұл – бүкіл Орталық Азия аймағы бойынша рекордтық көрсеткіш. Ұлттық қордың валюталық активтері 5 миллиард долларға ұлғайды. Алтын-валюта қорымыз ең жоғары деңгейге жетіп, 65 миллиард доллардан асты. Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40 пайызға жақындады. Халық саны 20,5 миллионға жуықтады. Азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа жетті. Ең бастысы, қоғам өзгерді, реформаларымыз тұрақты сипатқа ие болды, халықтың сана-сезімінде үлкен бетбұрыс жасалды».

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Осы ретте, Ұлттық құрылтай айрықша рөл атқарғаны сөзсіз. Төрт жылда құрылтай мүшелері ел өміріне ықпал ететін көптеген маңызды бастама көтерді. Ұлттық құрылтайда айтылған ұсыныстардың негізінде 26 заң қабылданды. Осының өзі Құрылтай ауқымды реформалардың негізгі қозғаушы күші болғанын айқын көрсетеді. Әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін нақты қадамдар жасалды. Лудоманияға, яғни ойынқұмарлыққа және нашақорлыққа қарсы белсенді күрес жүргізіле бастады. Ономастика саласындағы жұмыстар ретке келтірілді. Мемлекеттік наградалар жүйесіне жаңадан құрметті атақтар енгізілді. Сол арқылы еңбек адамдарының мәртебесі арта түсті. Бұдан бөлек біз ұлттың жаңа сапасын қалыптастыратын басты құндылықтарымызды айқындап алдық. Ұрпақтың болашағына зиянын тигізетін кеселдерге барынша тосқауыл қоятын болдық. Құрылтай мүшелері өткен жылғы жиында ішкі саясат саласын ретке келтіру туралы бастама көтерді. Тиісті құжатты әзірлеуге өздеріңіз белсене атсалыстыңыздар. Былтыр Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары бекітілді. Енді, осы құжатты басымдық ретінде қарап, белсенді түрде іске асыруымыз керек».

Президент: «Мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағдарының бірі –мәдениет пен өнер. Себебі, қоғамның санасы жаңғырмаса, реформалар ойдағыдай нәтиже бермейді. Бұл – ақиқат. Сондықтан біз руханият мәселелеріне айрықша мән береміз. Бұл салада бұрын-соңды болмаған ауқымды шаруалар қолға алынады. Атап айтқанда, Алматы облысында қазақ драма театры, Абай, Ақтөбе облыстарында театрлар бой көтереді. Шымкентте де опера және балет театрының құрылысы басталмақ. Биыл Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының ашылғанына 100 жыл толды. Осыған орай, театр ғимаратына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмысы аяқталмақ. Наталья Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры да жаңғыртылады. Бұдан бөлек, екі жылдың ішінде елімізде 100-ден астам мәдениет ошағы жөнделеді. Музей ісін дамыту – маңызды міндеттің бірі. Осы ретте, Қызылордада ашылған жаңа тарихи-өлкетану музейін ерекше атап өткім келеді. Мен күзде қалаға жұмыс сапарымен келгенде мұражайды аралап көрдім. Заман талабына сай салынған орталықта музей ісін ұйымдастырудың тың тәсілдері қолданылған. Бұл тәжірибені басқа облыстарға үлгі етуге болады. Қызылордада жаңа драма театр салу жоспарымызда бар, биыл құрылысты бастауымыз керек. Өткен сапарымда мен облыстың зиялы қауым өкілдерімен кездескен кезде заманауи кітапхана салу керек деп айттым. Енді бұл құрылыс биылдан бастап жүргізіледі».

Мемлекет басшысы: «Қазіргі таңда жастар арасында Қазақстан өрлеу кезеңіне қадам басты деген пікір бар. Жас буын өкілдері жаңа қоғамдық этиканы, креативті индустрияны дамытуға зор үлес қосуда. Әлем елдері қазіргі қазақ өнерін ерекше құбылыс деп бағалайтын болды. Кино саласы да дамып жатыр. Жас ұрпақтың ұлттық бірегейлігімізді өнерімен айшықтап, ұлтымызды жаһан жұртына танытуы – зор мақтаныш. Жастардың күш-қуаты мен ынта-жігері, жаңашылдығы мен жасампаздығы кез-келген салаға зор серпін береді. Сондықтан біз өскелең ұрпаққа әрдайым жан-жақты қолдау көрсетеміз. Олардың ұлттық құндылықтармен қатар жаңа заманның жақсы қасиеттерін бойына сіңіруіне барынша жағдай жасаймыз».

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бұған дейін Ұлттық құрылтайда еліміздің рухани-мәдени мұрасын әлемге таныту туралы бастамалар көтерілді. Соған сәйкес жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр. Мысалы 14 жылда алғаш рет аса құнды «Хандар шежіресі» қолжазбасын ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» деректі мұралар тізіміне енгіздік. Биыл жазда Корея Республикасының Пусан қаласында Бүкіләлемдік мұралар комитетінің кезекті отырысы өтеді. Сол кезде «Маңғыстаудың жерасты мешіттерін» ұйым тізіміне қосу мәселесі қаралады. Қазір Қазақстан материалдық емес мәдени мұралар тізіміне өз нысандарын белсенді түрде енгізіп жатқан 25 елдің қатарына кіреді. Бірақ мұнымен тоқтап қалуға болмайды. Төл тарихымызды зерделеу, өнеріміз бен мәдениетімізді өркендету үшін әлі көп жұмыс істелуге тиіс. Бұл шаралар алдағы уақытта да жалғаса береді».

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Елімізде танымдық әрі тағылымдық мәні зор тарихи орындар мен құнды жәдігерлер аз емес. Мысалы таза ағаштан салынған Жаркент мешіті – қытай сәулетшілері мен ұйғыр шеберлерінің қолынан шыққан бірегей туынды. Алматыдағы «Вознесенск кафедралды шіркеуі» де – айрықша тарихи нысан. Татулық пен достықтың символы саналатын осы екі ғимаратты «Бірлігіміз – әралуандықта» қағидатының іс жүзіндегі көрінісі деуге болады. Ұлы даланың әрбір тау-тасы халқымыздың сан ғасырлық жылнамасынан сыр шертеді. Соның бірі – қойнауы қазынаға толы Қаратау петроглифтері. Төрт мың жылдық тарихы бар таңбалы тастар төл өркениетіміздің тамыры тым тереңде жатқанын көрсетеді. Ғалымдарымыз Қызылорда жеріндегі Сауысқандық пен Түркістан облысындағы Арпа өзеннен жалпы саны 17 мың петроглиф тапқан. Осындай құнды жәдігерлеріміз бен ұлттық дәстүрлеріміз ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде болуға әбден лайық деп санаймын. Құзырлы министрлікке осы мәселелерге қатысты жұмысты қолға алуды тапсырамын».

Мемлекет басшысы: «Сондай-ақ Абай ілімі біздің ұлттық бірегейлігіміздің, ұлттық болмысымыздың өзегі болуға тиіс. Оның ой-толғамдары қанша заман өтсе де өзекті болып қала береді. Қазіргі «Адал азамат» тұжырымдамасы ұлы ойшылдың «Толық адам» идеясымен тығыз астасып жатыр. Біз Абайдың «Қара сөздерін» ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» деректі мұралар тізіміне енгізуіміз керек. Әл-Фараби, Ясауи ілімдері де ұлт руханиятының ұстыны саналады. Ашығын айтсақ, ұлы бабаларымыздың өсиеттерін олардың мерейтойы кезінде ғана еске аламыз. Бұл – дұрыс емес. Сондықтан Әл-Фараби, Ясауи және Абай ілімдерін жан-жақты дәріптейтін ғылыми жиындарды тұрақты өткізіп тұруымыз қажет. Бұл басқаға емес, ең алдымен өзіміз үшін керек. Олардың мұралары – біздің рухани-философиялық болмысымыздың тірегі. Еліміздің гуманитарлық институттары ұлы ойшылдарымыздың ілімін жүйелі түрде насихаттағаны жөн. Басты міндет – халқымыздың баға жетпес қазынасы – ұлттық мұрасын сақтап, ұрпаққа табыстау. Осы ретте кейбір құрылтай мүшелерінің философия, әлеуметтану, саясаттану сияқты ғылымдарды дамыту және қоғамдық-саяси ой-пікірлер көптомдығын әзірлеу туралы ұсынысын атап өтуге болады. Сондай-ақ олар ғылыми мекемелердің зерттеулері онлайн платформа арқылы бәріне бірдей қолжетімді болуы керек екенін айтты. Жуырда Астана мен Алматыда президенттік кітапханалардың құрылысы басталады. Меніңше, бұл нысандар тек кітаптар жиналған жер емес, қазақтың тарихын, мәдениеті мен өркениетін дәріптейтін орталықтар болуы керек».

Президент: «Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект қарқынды дамыған сайын ұлттық бірегейлігімізді нығайту өзекті бола түседі. Төл тарихы мен мәдениетін электронды форматқа көшіріп, оны жаһандық цифрлық өркениетке қосқан елдер ғана ұлттық болмысын сақтап қалады. Мұны жаңа дәуірдің талабы деуге болады. Түптеп келгенде, бұл – жұртымыздың идеологиялық дербестігіне және болашағына тікелей қатысты мәселе. Мен халықтың жады мен ғылым-білімін жинақтайтын «Ұлттық цифрлық мұра» қорын құру идеясын қолдаймын. Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясындағы мұндай бастама тарихи мұрамызды сақтап, оны терең зерделеуге жол ашады. Мен былтырғы Құрылтайда ғылыми еңбектерді, мұрағат материалдарын, мұражай қорларын және өнер туындыларын жүйелеу қажеттігін ерекше атап өттім. «Ұлттық цифрлық мұра» бұл шаруаны заман талабына сай жүргізуге мүмкіндік береді».

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз соңғы жылдары сан ғасырлық тарихи мұрамызды ғылыми тұрғыдан зерделеу және дәріптеу жолында біраз жетістікке жеттік. Биыл көктемде Жошы хан туралы деректі фильмді түсіру жұмыстары аяқталады. Мен осы ауқымды жобаның басталғаны туралы Атырауда өткен Құрылтай отырысында айттым. Көп сериялы фильмнің тұсаукесері беделді халықаралық платформаларда өтеді. Бұл туынды Алтын Орда брендін жер жүзіне дәріптеуге ықпал етеді. Бірақ, осындай тарихи тақырыпқа келгенде тартымды көрнекі, яғни визуалды бейне жасаудан бөлек, алдымен оның ішкі мазмұны, мән-мағынасы терең болуын ойластыру қажет. Сондықтан менің тапсырмаммен мамыр айында Алтын Орда тарихына арналған халықаралық симпозиум ұйымдастырылады. Іс-шараға әлемнің беделді ғалымдары шақырылады. Большое внимание мы уделяем и изучению общетюркской цивилизации. В сентябре вместе с нашими российскими коллегами и представителями других стран планируем провести международную конференцию «Большой Алтай – прародина тюрков». Пять лет назад в своей статье «Независимость превыше всего» мной была поставлена задача подготовить новую академическую историю нашей страны с использованием современных научных подходов. К концу года эта масштабная и, без преувеличения, фундаментальная исследовательская работа завершится – будет издан объемный семитомник по академической истории Казахстана. Данный труд станет важным вкладом в укрепление нашей государственности и процесс формирования целостного исторического самосознания нации. Символично, что это важное научное событие совпадает с 35-летием Независимости Казахстана. Именно так, реальными делами, мы должны отметить эту историческую веху».

Мемлекет басшысы: «Знание прошлого и уверенный взгляд в будущее являются залогом поступательного прогресса страны и формирования деятельного патриотизма. Отаншылдық дегеніміз – әрине, Отанға деген сүйіспеншілік деген сөз. Алайда, Отан алдындағы жауапкершілігіңді сезініп, перзенттік парызыңды өтеуге талпынбасаң, «отаншылмын, патриотпын» деген сөзіңнің құны көк тиын болмақ. Қазір қоғамда «Қазақстанның мемлекеттік Туын қайда және қашан қолданған жөн?» деген маңызды мәселе талқыланып жатыр. Бұл мәселе арнайы нормалармен және ережелермен реттеледі. Мемлекеттік рәміздерді пайдалануға жеңіл-желпі, салғырт қарауға болмайды. Заң талабы әрдайым орындалуға тиіс. Дегенмен, ең алдымен, заңның түпкі мәнін терең түсіну керек. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеп, оларды жөнімен пайдаланатын отаншыл азаматтарды барынша қолдау қажет».

Глава государства: «Патриотизм – это, конечно, любовь к Родине, но такое отношение к своему Отечеству мало что значит без гражданской ответственности и стремления быть полезным своей стране. Сейчас в обществе обсуждается действительно важный вопрос – где и когда уместно использовать государственный флаг Казахстана. Данная процедура регламентируется специальными нормами и правилами. В использовании государственной символики недопустимы легкомысленный подход, небрежность. При этом важно следовать не только букве, но и духу закона. Необходимо всячески поощрять проявления патриотизма, имея в виду бережное, тактичное использование государственной символики».

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мен үйлерде, көліктерде, көшелерде, сондай-ақ еліміздегі, әсіресе, шетелдегі спорттық және іс-шараларда көк Туымыз желбіреп тұрғанда қуанып қаламын. Сол арқылы еліміздің азаматтары бірлігі бекем ұлт екенімізді көрсетеді. Олардың әрекеттерінен туған елін мақтан тұтатыны байқалып тұрады. За узнаваемостью нашего флага стоят достижения отечественных спортсменов, труды ученых, успехи предпринимателей, триумфы музыкантов. Эти успехи становятся достоянием всей страны, укрепляют ее авторитет в мире».

Президент: «Мы должны поддерживать патриотизм, который идет от сердца и проявляется в конкретных делах, заботе о родной земле и готовности служить обществу. Базовые принципы ответственного и созидательного патриотизма уже выработаны самой жизнью – это, например, активное участие во всенародной акции «Таза Қазақстан», волонтерском движении, благотворительности, социальном предпринимательстве и других добрых делах на благо нашего государства. «Таза Қазақстан» – ұлттық идеологиямыздың ажырамас бөлігіне айналды. Тазалық халқымыздың адал ниеті мен таза пейілінен басталады. Бұл – ең алдымен көшелерді, үйлерді таза, ұқыпты ұстау деген сөз. Таза Қазақстан – әдемі ұран да, науқан да емес, бұл – күнделікті қажырлы еңбектің нәтижесі. Тазалық тәртіпті күшейтеді, ал тәртіп жауапкершілікті арттырады. Осы маңызды тұжырымды ұрпақтың санасына сіңіру өте маңызды. Біз сонда ғана нағыз өркениетті және ілгері қадам басушы озық ел боламыз».

Касым-Жомарт Токаев: «Быть патриотом Казахстана – большая гражданская ответственность! Нам не нужны крикуны, прикрывающиеся лозунгами о национальных интересах, и, тем более, непорядочные люди, пытающиеся извлечь политические дивиденды из святого чувства подлинной любви к своему Отечеству. Ответственный и созидательный патриотизм – это упорный, добросовестный, квалифицированный труд наших граждан на всех участках – цехах и сельхозполях, медицинских учреждениях, школах, университетах и научных лабораториях, государственных учреждениях и частных компаниях, это верность Родине во время несения воинской службы и работы по обеспечению общественного порядка. Казахстан должен стать страной трудолюбивых граждан, территорией Справедливости, Закона и Порядка. Важно, чтобы созидательный труд и сила закона подкреплялись идеологией высокой бытовой культуры, ведь во многих странах эти постулаты стали формулой успеха и благополучия. Такие базовые жизненные установки и моральные ориентиры закладываются в семье и школе. Поэтому эти фундаментальные институты должны постоянно находиться в зоне нашего особого внимания».

Глава государства: «Нельзя позволить разного рода политическим авантюристам подорвать ценностное ядро нашей нации, направить молодежь по ложному пути новомодных «альтернативных» моральных ценностей. Уверен, все поняли, о чем веду речь. Государство обязано стоять на страже традиционных культурных ценностей, противодействовать пропаганде деструктивных, а если называть вещи своими именами, аморальных моделей поведения. В нашем обществе следует законодательно укрепить институт брака как добровольный союз мужчины и женщины, официально заверенный в государственном учреждении. Но при этом ни в коем случае нельзя допускать уголовного преследования, моральной дискриминации за убеждения, расходящиеся с официальной, государственной позицией по вопросам морали. А позицию государства можно свести к формуле: «Каждый гражданин обладает правом выбора, но навязывать этот выбор никто не вправе». Наше государство будет твердо защищать права и свободы, честь и достоинство всех граждан».

Президент: «Шымкентте Нұрай есімді бойжеткеннің кісі қолынан қаза болуы бүкіл елді дүрліктірді. Ұлттық құрылтайға осы оқиға бойынша 130-дан астам өтініш келіп түсті. Күдіктінің Нұрайды аңдып, маза бермей, қоқан-лоқы көрсеткені анықталып отыр. Ақыры, мұның арты адам өліміне әкеп соқтырды. Осыған байланысты Ішкі істер министріне Шымкент қалалық департаментінің әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырдым. Бас прокурор да бұл мәселені мұқият тексереді. Қыз алып қашу – адам ұрлау деген сөз, бұл – ұлтымыздың беделіне нұқсан келтіретін өрескел, жабайы қылмыс. Ондай қатігездікке ешқашан жол беруге болмайды. Жыл өткен сайын халықтың сана-сезімі өсіп, қоғамда азаматтық жауапкершілік деңгейі артып келеді. Заңнамалық өзгерістер де соған сай болуы өте маңызды. Заң мен тәртіп – бәріне ортақ. Еліміздің әрбір азаматы заң талаптарын бұлжытпай орындауға тиіс».

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Кез-келген мемлекеттің күші – халықта. Азаматтарымыздың жасампаздық қуатының арқасында еліміз кез келген кедергі мен тосқауылға қарсы тұрып, орасан зор табысқа жетеріне кәміл сенемін. Өздеріңіз білесіздер, мен түрлі жоспарлар құрып, стратегиялар жасауды құптай бермеймін. Себебі, бос қиялға беріліп, құрғақ уәде беруге түбегейлі қарсымын. Болашаққа бағдар жасап, жоспар құрғанда өмірге шынайы көзқараспен қараған жөн деп санаймын. Наступившая эпоха сверхдинамична, она ломает привычный образ мыслей людей, размывает ментальные конструкции. Цифровизация и искусственный интеллект создают совершенно новую реальность, где уже нет места казалось бы устоявшимся представлениям и практикам. В условиях глобальной цифровой экономики количество населения стран, скорее всего, уже не будет иметь критически важного значения. Успешными станут нации, сумевшие адаптироваться к новой реальности, созданной искусственным интеллектом и, более того, активно, предметно участвующие в процессе формирования такой реальности. Поэтому Казахстан вступил на путь форсированного развития цифровизации и внедрения искусственного интеллекта во все сферы общественной и личной жизни».

Мемлекет басшысы: «Біз білім, ғылым және жоғары технология саласына қомақты инвестиция салатын болдық. Себебі адам капиталының сапасын арттыру – айрықша маңызды міндет. Бұл, әсіресе, ел дамуының қазіргідей тарихи, бетбұрысты кезеңінде халқымыздың болашағына тікелей әсерін тигізеді. Ең бастысы – бұл жоспарлар жұртты құр уәдемен жарылқайтын тұсаукесер рәсімдері мен форумдардың көлеңкесінде қалып қоймауы керек. Біз пиар-акциялар мен көз алдайтын жалған ілгерілеуге емес, нақты жетістікке ұмтылуымыз қажет. Цифрландыру және жасанды интеллект жылын сән қуып, ұрандату үшін жариялаған жоқпыз. Бұл шешім бүкіл мемлекеттік аппаратқа нақты міндет жүктеп отыр. Бұл – стратегиялық міндет. Сондықтан мемлекет үшін айрықша маңызды осы міндетті орындауға қатысты талап та өте жоғары болмақ. Бұл бағыттағы жұмыстың нәтижесі нақты әрі көзге көрінетін көрсеткіштермен өлшенуге тиіс. Атап айтқанда, шешім қабылдау мерзімін қысқартуға, еңбек өнімділігін арттыруға және қызмет сапасын жақсартуға оң ықпал етуі керек».

Президент: «Важно понимать: сами по себе технологии не способны устранить управленческий хаос. Если процессы изначально выстроены неправильно, перегружены дублирующими функциями и бюрократической волокитой, то внедрение искусственного интеллекта не станет панацеей. Поэтому стратегиям цифровой трансформации должно предшествовать наведение порядка в самой системе управления. Отсюда вытекает срочная задача: необходимо улучшить организационную культуру в государственном секторе, внедрить лучшие управленческие практики и компетенции. С помощью цифровых решений и технологий искусственного интеллекта можно и нужно повысить качество государственного управления во всех сферах. Прежде всего, следует сфокусироваться на создании прочного инфраструктурного фундамента для высокотехнологичной и энергоемкой экономики будущего. Ни в коем случае нельзя допустить промахи в логистике, где на разрозненных участках были построены складские помещения и только потом к ним подвели необходимые инженерные сети. К тому же эти объекты не отвечают унифицированным требованиям, что привело к росту издержек и потере эффекта масштаба. Это пример управленческой безграмотности. Поэтому нужен тщательно продуманный, централизованный подход. Следует заранее определить специальные зоны под строительство мощных дата-центров, необходимых для обеспечения надежной и бесперебойной работы всей IT-инфраструктуры. На выделенных площадках надлежит строить центры обработки данных с системами электропитания, охлаждения и безопасности».

Касым-Жомарт Токаев: «Правительство совместно с акиматом Павлодарской области планирует построить «ЦОД- — долину» на базе энергетических мощностей Экибастузского бассейна. Неплохое предложение, посмотрим, насколько успешно оно будет реализовано. Мы должны заняться введением в строй новых энергетических мощностей, не дожидаясь окончания строительства атомных электростанций. Следует также иметь в виду, что дата-центры сопоставимы по энергозатратам с металлургическими комбинатами. Поэтому вопросы энергетической самодостаточности должны рассматриваться как важнейшая часть государственной политики. Производство электроэнергии в Казахстане в объеме 123,1 миллиарда киловатт-часов явно недостаточно для успешного выполнения всех наших планов. Об этом я четко сказал на недавнем заседании Совета Безопасности. Другими словами, конкурентные преимущества нашей страны должным образом не задействованы. Казахстан обладает колоссальными запасами угля – около 33 миллиардов тонн. При нынешнем уровне потребления запасов угля хватит на 300 лет. Ежегодная добыча превышает 110 миллионов тонн, что вывело нашу страну на передовые позиции в мире. Уголь – наш стратегический актив, его надо полностью использовать с применением новейших технологий для полной нейтрализации вредного воздействия на окружающую среду. Развитию угольной генерации нужно придать статус Национального проекта. Правительству поручается решить данный вопрос до 20 марта».

Глава государства: «В повестке дня – ускоренная реализация важных проектов: строительство новых ТЭЦ в Кокшетау, Семее, Өскемене. Надо признать, решение данного вопроса затянулось, а ведь люди ждут. Моя претензия адресуется Правительству и Фонду Самрук-Казына». Требуется обеспечить своевременный запуск электростанции в Курчатове, дополнительных энергоблоков на ГРЭС-2 и приступить к строительству ГРЭС-3 в Экибастузе. Для обеспечения устойчивости энергосистемы следует в ускоренном режиме ввести так называемые балансирующие мощности. В первую очередь, это касается газовой генерации. Потенциал природного газа может и должен быть усилен за счет поиска новых месторождений. К сожалению, производство голубого топлива отстает от растущих потребностей нашей экономики. Только в прошлом году импорт товарного газа вырос на 18 процентов, достигнув 4,5 миллиарда кубометров. При этом ввод в эксплуатацию новых газовых месторождений осуществляется недопустимо медленно. Сложившаяся ситуация – прямой результат неэффективного планирования, что абсолютно неприемлемо в текущих экстраординарных условиях. Перед руководством «QazaqGaz» мною поставлена задача приступить к освоению перспективных участков за счет собственных средств и с привлечением инвесторов. Правительству совместно с Фондом «Самрук-Казына» надлежит активизировать геологоразведочные работы, обеспечить освоение новых месторождений углеводородов. Следует усилить контроль над своевременным запуском крупных проектов по газопереработке. Нужны конкретные результаты, а не декларации о намерениях».

Президент: «Важный резерв обеспечения надежности энергетической системы это водные ресурсы страны. Их потенциал должным образом не используется. Откровенно говоря, работа на этом важнейшем участке запущена. В срочном порядке следует дать точную оценку фактическому гидропотенциалу страны, потому что прежние данные еще советского периода давно устарели. Нужно подготовить достоверную карту водно-энергетических ресурсов Казахстана. Время не ждет. Подготовка указанных документов не должна стать препятствием ускоренного развития гидроэнергетики. Правительству и Фонду «Самрук-Казына» следует решить вопрос о передаче гидротехнических объектов в доверительное управление в целях повышения их эффективности. Пристального внимания к себе требует и транспортно-логистический комплекс, без должного развития которого невозможен устойчивый рост экономики. Казахстан обладает огромным транзитным потенциалом, но над его полным раскрытием предстоит основательно потрудиться. В стране развернута масштабная работа: возводятся и ремонтируются тысячи километров автомобильных и железных дорог, устраняются «узкие места» на главных направлениях, модернизируются и строятся вокзалы, морские, воздушные и сухие порты, развиваются мультимодальные перевозки.».

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Елдегі автокөлік жолдарын халықаралық стандарттарға сай жаңғырту – айрықша маңызды міндет. Бұл, біріншіден, Қазақстанның батыс пен шығыс арасындағы транзит дәлізі ретіндегі рөлін арттыра түседі. Екіншіден, облыстар арасындағы көлік байланысын барынша жақсартады. Жақында Қызылорда – Жезқазған жолының Қызылордаға тиесілі бөлігі салынып бітті. Жыл соңына дейін Ұлытау облысындағы бөлігінде көлік қозғалысы толық ашылады. Жолдың жалпы ұзындығы – шамамен 400 шақырым. Ең бастысы, биыл елімізде бұрын-соңды болмаған ауқымды инфрақұрылымдық жобалар басталады. «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» – Қазақстандағы ең негізгі жолдың бірі. Алайда, оның Қызылорда – Ақтөбе арасындағы бөлігі – тар, көлік апаттары жиі болып жатады. Мен осыған дейін бұл жолды кеңейту туралы тапсырма бердім. Биыл осы бағытта төрт жолақты жаңа күре жолдың құрылысы басталады. Қазіргі жолдың көбі облыстардың ішкі жолы болып қала береді. Сондай-ақ мен былтырғы Жолдауымда «Бейнеу – Сексеуіл» жолының құрылысын тездетуді тапсырғанымды білесіздер. Ондағы жұмыстар да биыл басталмақ. Жоба жүзеге асқан соң «Орта дәліздің» қашықтығы 900 шақырымға қысқарады, яғни, Ақтау, Құрық порттарына тура жол ашылады. Қарағанды – Жезқазған бағытындағы жол талай жылдан бері тозып тұр. Биыл ескі жолдың қапталына екі жолақты жаңа жол салуға кірісеміз Кейін ескі жолды да жаңғыртып, төрт жолақ ету жоспарлануда. Бұдан бөлек, Сарыағаш маңындағы көлік қозғалысы да өте тығыз. Сондықтан, осы жылы «Сарыағаш айналма жолының» құрылысы қолға алынады. Барлық жұмыстың сапалы әрі уақытылы орындалуын тікелей бақылауда ұстайтын боламын. Себебі, бұл жобалар Қазақстанның халықаралық көлік-логистика орталығы ретіндегі әлеуетін мейлінше нығайта түседі».

Касым-Жомарт Токаев: «Наряду с автомобильными трассами следует продолжить работу над расширением и укреплением железнодорожной инфраструктуры, что важно для усиления транспортной связанности. Запуск движения по вторым путям участка «Достык – Мойынты» в прошлом году, а также завершение строительства обводной линии вокруг Алматы значительно укрепили транзитный статус страны. В этом году будут построены железнодорожные линии «Кызылжар – Мойынты» и «Дарбаза – Мактаарал», а также модернизированы участки «Алтынколь – Жетыген» и «Жезказган – Сексеул». Особое значение для Казахстана имеет развитие воздушных путей сообщения. Нужно запускать новые международные рейсы. Это вопрос не только экономики, но и статуса нашего государства как открытого общества, в котором граждане пользуются свободой передвижения по всему миру. По нашей территории проходят более десятка международных маршрутов, это положительная тенденция, которую надо всячески стимулировать. Именно сейчас Казахстан должен заявить о себе как международный транзитно-транспортный узел».

Глава государства: «Чтобы занять достойное место на глобальной карте логистики, нужны системные усилия и четкая стратегия действий. Перед Правительством поставлена задача достижения конкретных результатов в авиации, в частности, грузовой авиации. То, что наша страна до сих пор не стала евразийским центром перевозки авиационных грузов, это, на мой взгляд, непростительное упущение, попросту говоря, абсурд. Правительством принято неправильное управленческое решение по созданию государственной грузовой авиакомпании. Эту задачу почему-то возложили на железнодорожную компанию «Қазақстан темір жолы». Если Правительство не в состоянии выполнить поручение, передайте данный вопрос частным структурам. На недавнем расширенном совещании выяснилось, что камень преткновения – цена на авиатопливо, она слишком высокая, неконкурентоспособная в сравнении с аэропортами сопредельных государств. Страна, производящая сырую нефть, не может конкурировать по цене авиакеросина со странами, не занимающимися нефтедобычей. Это разве не абсурд?!».

Президент: «В этой ситуации у меня есть серьезные претензии к нашим известным экономистам. Впрочем, к энергетикам тоже имеются схожие претензии. Похоже, придется принимать кадровые решения. Наша главная стратегическая цель – не сбавлять темпы качественного экономического роста. С этой целью начата работа по снижению инфляции, объявлен новый инвестиционный цикл, принимаются и другие решения. Экономика и бизнес переходят в режим новых налоговых правил. Правительство и местные исполнительные органы обязаны обеспечить ровный, бесконфликтный «фискальный транзит». Нужно внимательно изучить все здравые, конструктивные предложения общественности относительно применения нового Налогового кодекса, и при необходимости внести коррективы. Эффективные каналы обратной связи особенно важны в условиях трансформации общества. Системная работа с обращениями граждан позволяет держать руку на пульсе, знать их реальные потребности, своевременно реагировать на чаяния людей».

Касым-Жомарт Токаев: «В последнее время в мой адрес участились запросы граждан по механизму финансирования частных школ. В недавнем интервью газете «Turkistan» я высказал свою позицию: действующий порядок государственного финансирования сферы образования искажен и требует незамедлительного исправления. По итогам аудита частных школ были выявлены нарушения, связанные с незаконными и необоснованными расходами, ставшими возможными из-за несовершенства методики подушевого финансирования. Перед Правительством поставлена задача срочно реформировать механизм государственного финансирования образовательной сферы. Сформулировать четкие критерии финансирования. При этом следует учесть положительную роль бизнеса в развитии системы среднего образования».

Президент: «Схожие проблемы возникли и в здравоохранении. Комплексная проверка Фонда социального медицинского страхования выявила массу нарушений и злоупотреблений. В основном это банальные приписки и вопиющие факты фальсификаций документов с целью хищений государственных средств в огромных масштабах. Вся страна мобилизует усилия и средства для качественного экономического роста и строительства инфраструктурных проектов, развития здравоохранения, в это же время выделяемые на социальную сферу огромные финансовые средства попросту разворовываются. А ведь в 2024-2025 годах на развитие только здравоохранения государство выделило 7,8 триллиона тенге. Надо понимать, что расходы государства на образование и здравоохранение направлены, прежде всего, на улучшение жизни наших граждан, продиктованы стратегией построения Справедливого Казахстана. Правоохранительным органам поручено выявить всех выгодоприобретателей коррупционных схем. Поддерживаю решение Правительства передать Фонд обязательного медицинского страхования в ведение Министерства финансов. То, что произошло в Фонде, это результат отсутствия профессинализма руководителей социальной сферы, их безразличия к государственным интересам. Поэтому запрос на добропорядочность чиновников – по-прежнему актуальная задача общегосударственного характера».

Глава государства: «Распоясавшиеся мошенники превратились в реальную угрозу национальной безопасности. В Фонде медицинского страхования разворовываются огромные средства, в это же время работники службы скорой помощи, фельдшеры по призыву мошенников выходят на акции протеста, выдвигают социальные требования. Наши граждане также становятся жертвами аферистов, теряют честно заработанные накопления, обманом втягиваются в преступные финансовые операции. В современном мире значительно обострилась и проблема иммиграционного мошенничества. Вы видите, что происходит в Европе и США. Данный вопрос приобрел особую актуальность и в нашей стране, которая становится все более привлекательной для иностранных граждан в плане трудоустройства и проживания. Правоохранительные органы раскрыли преступные деяния аферистов, занимавшихся незаконной выдачей документов иностранцам с целью легализации их постоянного проживания на территории Казахстана. Борьбу против мошеннических преступлений, будь то в социальной или экономической сферах, необходимо усилить. Также как следует решительно привлекать к ответственности всех нарушителей Закона и Порядка – от мелких хулиганов, вандалов, воров до представителей организованной преступности и, конечно, провокаторов, преследующих цель дестабилизации нашего общества. Это актуальная и, можно сказать, первостепенная задача. Цифровизация неизбежно станет повсеместной и даже тотальной, это значит, что надо уделить внимание законодательной защите персональных данных, повышению финансовой и цифровой грамотности граждан».

Касым-Жомарт Токаев: «Еще один острый вопрос – эффективное взаимодействие со стратегическими экономическими партнерами Казахстана в условиях международной напряженности. Наша позиция предельно ясная: Казахстан поддерживает экономическую интеграцию, активно участвует в этом процессе, но он должен носить справедливый характер в отношении наших интересов. Казахстан в этом году председательствует в Евразийском экономическом союзе. В числе наших приоритетов – широкое внедрение искусственного интеллекта с целью повышения эффективности евразийской интеграции. Продолжится работа по устранению барьеров в торговле и необоснованного протекционизма. Например, нельзя назвать нормальной ситуацию, когда под неоправданным давлением оказалась сфера сельскохозяйственной переработки Казахстана. Представители отечественной пищевой промышленности вынуждены сокращать производство под напором субсидируемых товаров из государств-участников ЕАЭС. А для нас это вопрос продовольственной безопасности. Правительству следует более активно работать для защиты национальных интересов. Нужно находить справедливый баланс взаимных интересов, умело, аргументированно отстаивать позиции Казахстана. Только так мы сможем сделать нашу экономику более конкурентоспособной на международном рынке».

Президент: «Мы стали свидетелями возникновения абсолютно новых явлений, к которым нам и последующему поколению предстоит адаптироваться. Другими словами, то, что еще недавно казалось по сути невероятным или невозможным, становится привычной нормой и даже обыденностью. На наших глазах происходит эрозия международного права. Усугубляется кризис доверия на международной арене. Военные расходы в мире достигли рекордного показателя: около трех триллионов долларов, а к 2035 году могут этот показатель может удвоиться. Растущая милитаризация подрывает усилия международного сообщества по построению справедливого миропорядка. В этих непростых условиях возрастает значение внешней политики. Она должна быть максимально сбалансированной, нацеленной на защиту и продвижение стратегических интересов нашего государства».

Глава государства: «В целом, в дипломатии цена неправильного решения настолько высока, что может нанести непоправимый ущерб долгосрочным интересам государства. Это мы знаем по своему опыту. Если в экономике одну программу или концепцию можно заменить другими программными документами, что, к сожалению, часто происходит у нас, то подписи на международных договорах отзыву, как правило, не подлежат. Что написано пером, не вырубишь топором. В нашем понимании, дипломатия это важнейший, можно сказать, безальтернативный инструмент достижения компромиссов, согласия, но не путь, ведущий к конфликту и перебранке. Любой конфликт может быть преодолен, если имеется истинное желание и надлежащий профессионализм. Мною было принято решение присоединиться к Авраамским соглашениям. Само появление таких соглашений это дипломатическая инновация, исходящая из глубокого понимания Президентом Трампом исторического контекста и современных политических реалий. Уверен в правильности решения стать стороной Авраамских соглашений, которые призваны содействовать установлению прочного мира на Ближнем Востоке».

Президент: «Бұл келісімнің түпкі мәнін түсіну үшін оның атауына назар аударуымыз керек. Авраам, яғни, Ибраһим дін тарихында иудаизм, христиан және ислам діндеріне ортақ пайғамбар болып есептеледі. Еліміз бүкіл адамзатты біріктіретін құндылықтарға арқа сүйеуге тиіс. Біз түрлі халықтар мен дін өкілдері арасында татулық болғанын қалаймыз. Сол себепті, осы келісімге қосылғанымыздың мән-мағынасы ерекше, бұл шешім еліміздің халықаралық беделіне оң серпін береді».

Мемлекет басшысы: «Қазақстан – жауапкершілігі жоғары «орта держава» және жер көлемі бойынша ислам әлеміндегі аса ірі мемлекет. Біз баршаға түсінікті, яғни ақылға қонымды және әділ саясатты жақтаймыз, осы ұстанымды әрдайым сақтаймыз. Сыртқы саясаттағы іс-әрекетіміздің бәрі бір ғана мақсатты көздейді. Ең бастысы, Қазақстанның жерінің тұтастығын, қауіпсіздігі мен егемендігін қамтамасыз етуіміз керек. Қазақ мемлекетінің басшысы ретінде Мен үшін Тәуелсіздік – бәрінен қымбат! Бұл – мерейтой кезіндегі ұран емес, қазіргі дүрбелеңге толы заманда ұлттық стратегиямыздың негізгі қағидасы. Мен «Тәуелсіздік дегеніміз – ең алдымен, жалпыұлттық бірлік пен келісім» екенін үнемі айтып жүрмін. Біз ел бірлігін сақтап, өсіп-өркендеген, абырой-беделі жоғары әрі қуатты мемлекет құруды басты міндетіміз деп санауымыз қажет. Осы мақсатқа стратегиялық тұрғыдан қарап, парасатты, дана халық екенімізді көрсетуіміз керек».

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бұрын да айтқам, қазір де атап өткім келеді: біз «тарихи жарақат алған» ұлт психологиясынан біржола арылуымыз керек. Басқа түскен қайғы-қасіреттің бәрін басқа халықтардан көру, ұлтымыздың маңдайына жазылған ащы тағдыр туралы бітпейтін пікірталастар жүргізу – кешегі күнмен өмір сүру деген сөз. Бүкіл әлем өзгеріп жатыр, бізге де өзгеретін уақыт келді. Біз -болашағы жарқын, жолы ашық жас мемлекетпіз, сондықтан уақыт көшінен қалмай, тек алға қарай жүруіміз керек».

Касым-Жомарт Токаев: «Мир трансформируется во всех измерениях – от политики и экономики до климата и технологий. В этих условиях мы, в Казахстане, тоже должны принимать смелые, нетривиальные, можно сказать, инновационные решения. Обращаюсь с этим призывом, прежде всего, к государственным служащим, предпринимателям, ученым. Наступает, вернее сказать, наступило время больших кардинальных перемен. И наша страна должна занять достойное место в новой исторической реальности».

Мемлекет басшысы: «Биыл Қазақстанның келешегіне тікелей ықпал ететін аса маңызды жыл болады. Мен мұны жақында «Turkistan» газетіне берген сұхбатымда атап өттім. Еліміз ауқымды саяси жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Алдағы парламенттік реформа осы өзгерістердің өзегі болатыны анық. Жолдауымда бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтергенімді білесіздер. Бұл аса маңызды мәселе қоғамда кеңінен талқыланды. Мен былтыр 8 қазанда Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойдым. Оның құрамына белгілі заңгерлер, сарапшылар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірді. Елдік іске бей-жай қарамайтын басқа да азаматтарымыздың бұл талқылауға қатысуы өте маңызды. Сондықтан e-Otinish платформасы мен Egov порталында «Парламенттік реформа» деген арнайы бөлім ашылды. Азаматтарымыз осы мәселеге қатысты өздерінің ой-пікірін білдіріп, ұсыныстарын жолдады. Жұмыс тобы келіп түскен ұсыныстарды жинақтап, зерделеп, парламенттік реформаны барлық жағынан қарастырды, өте маңызды жұмыс атқарды. Бұл бағыттағы шаруаның бәрін өзім тікелей бақылауда ұстадым. Былтыр қазан айының ортасында Жұмыс тобының алғашқы отырысын өткіздім. Желтоқсанның 2-сі және 29-ы күндері тағы екі жиын болды. Жаңа жылдан бері Жұмыс тобының мүшелері 3 рет бас қосты. Соңғы отырыс күні кеше ғана Құрылтай қарсаңында өтті. Бір сөзбен, конституциялық реформа туралы қызу талқылаулар жарты жылға жуық уақыт бойы жүріп жатыр».

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бір палаталы Парламентке көшу туралы бастаманы халық қолдап отыр десек, ешқандай қате болмас. Қоғамдық пікірді білу үшін тұрақты түрде жүргізілген сауалнамалар және жұмыс тобының қорытындысы да осы пайымға келіп тоғысады. Депутаттар мен партия фракцияларының жетекшілері жақында аймақтарды аралап, сайлаушылармен кездесіп қайтты. Олар халықтың осы бастамадан хабардар екенін және реформаны қолдап отырғанын айтуда. Бұл жерде қандай да бір пікір қайшылығы жоқ. Жалпы бағыт-бағдарымыз – айқын. Алдағы өзгерістерге қатысты ортақ мәміле бар. Жұмыс тобы барлығын жан-жақты сараптай отырып, нақты пайымдары мен ұсыныстарын ортаға салды. Негізгі пікірталас «Жаңа Парламент қандай болады, неше депутаттан тұрады? Құрылымы қандай болады және қалай жұмыс істейді?» деген сауалдар жөнінде өрбіді. Бұл терең зерделеп, жан-жақты сараптап, өлшеп, байыппен түпкілікті шешім қабылдайтын аса маңызды, тіпті, шешуші мәселе болды дер едім. Қазір мен Ұлттық Құрылтайдың төрінен сіздерге Жұмыс тобында талқыланған негізгі ұсыныстарды таныстырғым келеді».

Мемлекет басшысы: «Ең алдымен, болашақ Парламенттің атауы бойынша пікірімді айтсам. Қысқаша айтқанда, Құрылтай деген атауды беру керек деп сенемін. Құрылтайдың тарихи аясы да, мағынасы да халқымызға түсінікті, жақын. Құрылтай отырыстарын жаңғырту бастамасын мен өзім 2022 жылы көтердім. Бұл баяндаманың басында Құрылтай жұмысының тиімділігі мен пайдасына ден қойдым. Жалпы, еліміздің саяси жүйесінде Құрылтай атауын аса маңызды мемлекеттік институттың символы ретінде сақтап қалуымыз керек деп ойлаймын. Ал, депутаттар санына келсек, бұл мәселе де қызу пікірталас туғызды. Ең көп пікір қайшылығы осы мәселеге қатысты болды. Бірінші тарап еліміздегі халық санына қарай пропорционалды уәкілдік идеясын ұсынды. Екінші тарап депутат санын 500-ге дейін арттыру қажет деді. Біздің негізгі мақсатымыз – шын мәнінде тиімді әрі кәсіби Парламент құру. Жаңа заң шығарушы орган елдегі ауқымды өзгерістерге заңнамалық тұрғыда барынша қолдау көрсетуге тиіс. Әлемдегі озық тәжірибелерге қарасақ, бұл үшін депутат санын көбейтудің еш қажеті жоқ. Сондықтан мәселе – санда емес, сапада! Ең бастысы, Парламентте нағыз отаншыл азаматтар – білікті мамандар отыруға тиіс! Жұмыс тобы азаматтардың ұсыныстарын мұқият зерделеп, қызу талқылады. Ақыр соңында Парламенттің мандат саны 145 болуы керек деген байламға келді. Жаңа Парламентте Төрағаның үш орынбасары болуы мүмкін. Ал, комитет саны 8-ден аспауы керек».

Касым-Жомарт Токаев: «Второй блок предложений затрагивает компетенции Парламента в части формирования состава ряда ключевых государственных органов. Согласно действующей Конституции, как вам известно, полномочия по формированию Конституционного суда, Высшей аудиторской палаты и Центральной избирательной комиссии равномерно распределены между Мажилисом, Сенатом и Президентом. Теперь же предлагается, чтобы назначение всех членов этих важных государственных структур осуществлялось исключительно с согласия Парламента. Предлагается также наделить депутатов высшего представительного органа страны полномочиями по избранию всех судей Верховного суда по представлению Президента. Это большой шаг в развитии казахстанского парламентаризма, укреплении системы сдержек и противовесов между ветвями власти».

Президент: «Ұсыныстардың үшінші бөлігі жаңа Парламентті жасақтау тәртібі туралы болды. Депутаттар енді пропорционалды жүйе қағидатымен сайланады. Мұндай тәсіл саяси партиялардың институционалдық рөлін күшейтеді. Сондай-ақ олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырады. Кейбір партиялар Парламентпен қатар барлық деңгейдегі мәслихаттарды пропорционалды жүйемен жасақтауды ұсынғанын білемін. Бірақ аймақтарда мажоритарлық жүйені сақтап қалу керек деп ойлаймын. Еліміздің өңірлерінде жергілікті азаматтардың дауыстары, пікірлері жақсы естілуі қажет. Бұл – мен үшін айқын ұстаным. Талқылау кезінде маған Парламенттегі Президент квотасын қалдыру керек деген ұсыныс айтылды. Бірақ мен жаңа Парламент ешкімнің қамқорлығына, қадағалауына мұқтаж емес екеніне сенімдімін. Депутаттардың ішінде арнайы тағайындалған «таңдаулы тұлғалар» болмауы керек. Олар бәріне бірдей, ортақ тәртіппен сайлануға тиіс. Соған сәйкес Қазақстан халқы ассамблеясының арнайы квотасы да алынып тасталады».

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Осы ұстаныммен жастарға, әйелдер мен ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған квотаны қоса алып тастауды ұсынғандар болды. Бірақ, бұл – мүлде басқа мәселе. Бұл квота – әлеуметтік әділдік қағидатының айқын көрінісі, сондай-ақ еліміздегі барлық қоғамдық-саяси өкілдерді ескеретін маңызды талап. Сол себепті, осы квоталарды өзгеріссіз сақтап қалуды ұсынамын. Бұған қоса, партиялардың Парламентке өту межесін қазіргі бес пайыздан жеті пайызға қайтару қажет деген пікір айтылды. Бұл ереже кезінде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бастамасымен қабылданған болатын. Бес жыл бұрын енгізілген осындай өзгерістер сайлау заңнамасын жақсартуға едәуір септігін тигізді. Межені төмендету арқылы Парламенттегі ірі саяси күштердің үстемдігін азайтып, партиялар арасындағы бәсекені күшейтуді мақсат тұтқан едік. Бүгінгі таңда осы норманың тиімділігіне көзіміз жетті. Ел тарихында алғаш рет Мәжіліске алты партияның өтуі – соның айқын дәлелі. Сондықтан мен бес пайыздық межені қалдырған жөн деп санаймын».

Мемлекет басшысы: «Ұсыныстардың төртінші бөлігі заң шығарушы органның жұмыс тәртібі мен рәсімдеріне қатысты болды. Жаңа Парламентте депутаттарды бес жылға сайлау көзделіп отыр. Заң қабылдаудың үш кезеңнен тұратын процедурасы ұсынылады. Депутаттар бірінші кезеңде заң жобасын жалпы мақұлдайды. Одан кейін өзгерістерді мақұлдайды, соңында заңды қабылдайды. Осылайша, біз Парламент қызметін түбегейлі қайта құру арқылы осыған дейін жүзеге асырылған саяси реформаларды одан әрі жалғастырамыз. Мемлекеттің институционалдық тұғырын нығайтып, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатына сәйкес орнықты саяси жүйе қалыптастырамыз. Басты мақсатымыз да – осы. Билік институттарының жаңа құрылымы баршаға бірдей мүмкіндік беретін әділетті қоғам құрудың мызғымас негізі болмақ. Түптеп келгенде, біз бір қоғам болып қолға алған Парламенттік реформа еліміздің әлеуетін арттыратын болады. Сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің қарқынын күшейтіп, сапасын жақсарта түседі. Мен Мемлекет басшысы ретінде бұған кәміл сенемін».

Касым-Жомарт Токаев: «Как мною не раз отмечалось, реформы – постоянный процесс, опирающийся на потребности общества и логику государственного развития. И как показывают результаты состоявшихся обсуждений в рамках Рабочей группы – запрос на изменения действительно назрел. Мы получили более пятисот различных предложений по парламентской реформе, но, вместе с тем, почти в три раза больше рекомендаций по вопросам общего конституционного строительства со стороны юристов, экспертов, общественников. Все эти вопросы находятся вне компетенции действующей Рабочей группы, но вызывают вполне обоснованный интерес и требуют пристального рассмотрения. В частности, общество волнует представленность регионов и этнокультурных объединений в системе государственной власти. Это, безусловно, важная тема, которую нельзя игнорировать. Очевидно, что к решению указанной задачи нужно подойти ответственно, имея в виду интересы государства. Все планируемые изменения должны органично дополнять друг друга, ни в коем случае не вступать во взаимное противоречие. Моя принципиальная позиция заключается в том, что конституционные принципы казахской модели согласия и единства, а также устоявшиеся традиции взаимодействия власти и общества, нужно не только сохранить, но и усилить».

Глава государства: «На новом этапе реформ Казахстану необходима широкая платформа или трибуна для регулярного проведения общенационального диалога по всем вопросам общественного развития. Данная платформа включит в себя основные общественно-политические объединения и структуры, содействующие единству и сплоченности нашего народа. Исходя из этого, исторически важные миссии Ассамблеи народа Казахстана и Национального курултая можно считать фактически успешно завершенными. В качестве нового института предлагаю создать Қазақстанның Халық Кеңесі – Народный Совет Казахстана. Считаю исключительно важным сохранить в деятельности нового органа стратегическую преемственность функций Ассамблеи народа и Национального Курултая – последовательное укрепление казахской государственности и Независимости Республики Казахстан. Вместе с тем, Халық Кеңесі – Народный Совет по своей сути станет новым государственным органом, вобравшим в себя опыт консультативных структур других стран. В нем получат представленность все этносы, группы населения и регионы. Қазақстанның Халық Кеңесі – Народный Совет Казахстана будет обладать статусом высшего консультативного органа страны. Состав Совета предложено сформировать из 126 человек: 42 – от этнокультурных объединений, 42 – от крупных общественных объединений, 42 – от маслихатов и региональных общественных советов. Все члены Народного Совета будут назначаться Президентом, а председатель – избираться его членами. У Председателя Халық Кеңесі – Народного Совета будет два заместителя, назначенных на ротационной основе на общественных началах, а также руководитель секретариата».

Президент: «Халық Кеңесі должен получить право законодательной инициативы, что, конечно, значительно усилит его статус. Высшим органом Халық Кеңесі станет сессия, созываемая не реже одного раза в год. Кеңес – Совету будет передан базовый функционал Ассамблеи народа Казахстана по вопросам межэтнического и межконфессионального согласия. Вместе с тем, новый орган сфокусируется и на выработке предложений по совершенствованию внутренней политики, займется продвижением и разъяснением вопросов, касающихся государственной идеологии, а также положений Конституции и других важнейших документов нашего государства. В ведение Совета перейдет функция проведения Съездов лидеров мировых и традиционных религий, других гуманитарных форумов, имеющих государственное значение. Статус и порядок формирования Халық Кеңесі – Народного Совета планируется отрегламентировать отдельным разделом в Конституции и специальным Конституционным законом».

Мемлекет басшысы: «Кәсіби заңгерлер Ата заңның мәтініне қатысты пікірлерін білдірді. Олар Конституциямыздың кейбір тұстарын нақтылай түсу қажеттігіне назар аударды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысын сайлау мәселесі бойынша маңызды ұсыныс бар. Қазіргі Ата заңға сәйкес Президент өз міндетін атқара алмайтындай оқыс жағдай туындаса, оның өкілеттігі қалған мерзімге Сенат төрағасына беріледі. Сенат төрағасының мемлекетті басқаруға мүмкіндігі болмаса, Президент өкілеттігі белгіленген тәртіпке сәйкес тиісті лауазым иелеріне өтеді. Бұл ретте, мәселенің бәрі «қалған мерзімге» деген сөзге келіп тіреледі, осы мәселені ерекше атап өткен жөн. Басқаша айтсақ, «қалған мерзім» 6 айға да, 6 жылға да созылуы мүмкін. Сондықтан, Мемлекет басшысы мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс Президент сайлауы өтеді деген норма негізгі заңда нақты белгіленуі қажет. Бұл қадам халықаралық озық тәжірибеге сай келеді. Еліміздің кез келген басшысы билікке сайлау арқылы, яғни, заңды түрде келуі керек. Бұл – мен үшін мызғымас ұстаным. Осы норма кейінгі мемлекет басшылары үшін де еш өзгермейтін қағида болуға тиіс!».

Президент: «Сонымен қатар Конституциямыздың мәтінінде жекелеген қателер бары анықталды. Кезінде терминологиялық, стильдік кемшіліктерге жол берілген. Конституциялық реформа аясында осы олқылықты да түзеуіміз керек. Бұл жұмысқа заңгерлермен қатар, білікті тіл мамандары шақырылады. Тағы бір маңызды мәселе. біз Ата заңның преамбуласын ұлттық құндылықтарымызды айшықтап, қанша заман өтсе де, өзекті болып қала беретіндей етіп қайта жазуымыз керек. Онда қазақ жеріндегі өркениет пен мемлекеттіліктің тарихы терең екені нақты көрініс табуға тиіс. Сол арқылы біз Қазақстанның Ұлы даладағы ұлы мемлекеттердің мұрагері екенін паш етуіміз керек. Бұдан бөлек, Конституциямызға «Біз бәріміз Әділетті Қазақстанды ең жоғары мақсат ретінде көздейміз және оған жетеміз» деген қағидатты енгізуіміз керек».

Глава государства: «В Основной закон, в частности, в новую редакцию его Преамбулы считаю необходимым ввести принципы, касающиеся строительства правового государства, а также бережного отношения к природе и защиты окружающей среды. Все указанные принципы государственного строительства являются абсолютно актуальными и не подлежат ревизии или эрозии»

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз Ата заңда еліміздің зайырлы мемлекет екенін әйгілейтін нормаларды сақтап, күшейте түсуіміз қажет. Конституциямыз заман талабына сай болуы керек. ХХІ ғасырда цифрландыру үдерісі өте жылдам жүріп жатыр, тұрақты және аса қарқынды сипатқа ие болды. Жоғары технология адамның күнделікті өміріне, құқықтары мен бостандықтарына тікелей әсерін тигізе бастады. Болашақта бұл үрдіс үздіксіз жалғаса беретіні анық. Сондықтан еліміздегі цифрландыру үдерісінің институционалдық-құқықтық негізі Ата заңда міндетті түрде аталып өтуі қажет. Конституцияда азаматтардың дербес цифрлық деректері заңмен қорғалатыны нақты айтылуы керек деп санаймын. Мен әзірге келіп түскен ұсыныстардың негізгі тұстарына тоқталып өттім. Осылайша, конституциялық реформаның жалпы сұлбасы шығып келеді. Жарты жыл бойы өткізілген пікірталастар мен талқылаулар кезінде алдағы реформаға қатысты басты ұстанымдар айқындалды. Бұл ұстанымдар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Тиісті байланыс арналары арқылы халықтан келіп түскен идеялар мұқият сараланды. Ойға қонымды бастамалар барынша ескерілді. Халықтың қолдауына ие болса, Қазақстанның мемлекеттік құрылысының жаңа кезеңі басталады».

Президент: «Каждый из вас принимает деятельное участие в реализации масштабных реформ и хорошо понимает логику происходящих преобразований. Главная цель политической модернизации – укрепление потенциала Казахстана, усиление готовности (резистенции) нашей государственности к современным вызовам. Важны не формальные изменения, а положительная трансформация самой сути государственных институтов, улучшение их взаимодействия. Благодаря конституционным реформам 2022 года нами были приняты меры, направленные на выстраивание сбалансированной политической системы и повышение эффективности государственного управления. В целях укрепления верховенства закона и укоренения правовой культуры был учрежден Конституционный суд. Новый Административный процедурно-процессуальный кодекс изменил баланс судебных вердиктов в пользу граждан и предпринимателей, позволив им успешно отстаивать свои законные интересы. Важным шагом в укреплении системы защиты прав граждан стало создание кассационных судов и получение Уполномоченным по правам человека конституционного статуса. Нами модернизирована система выборов и порядок формирования представительных органов власти, значительно усилено их политическое влияние и полномочия. Новая избирательная модель открыла дорогу в Парламент и маслихаты представителям разных идеологических взглядов и политических партий. Волна обновления прокатилась и по исполнительной власти после введения выборности сельских акимов. Важной конституционной новацией стал запрет родственникам Главы государства занимать высокие, ключевые должности в системе управления».

Глава государства: «Таким образом, комплексные изменения затронули все ветви власти – судебную, законодательную, исполнительную, причем, как на центральном, так и на региональном уровнях. Более того, ощутимые перемены произошли и на уровне верховной власти – институте президентства. Все указанные реформы тщательно обдумывались мною, исходя из безусловного приоритета государственных интересов и благополучия народа. Поэтому все инициативы встроены в единую долгосрочную стратегию масштабной модернизации страны. Убежден, для достижения положительного и стабильного результата необходимо следовать эволюционным путем, действовать поэтапно, адаптировать общество к новым политическим и экономическим реалиям».

Президент: «Недаром в народе говорят – всему свое время. Считаю, что такое время пришло. И сегодня на заключительном заседании Национального Курултая хотел бы выступить с новым важным предложением. Предлагаемая мной новелла органично замкнет собой всю политическую конструкцию, которую мы методично выстраивали на протяжении нескольких лет. Речь идет об учреждении института Вице-президента Республики Казахстан и соответствующем его закреплении в Конституции. Назначать Вице-президента будет Президент с согласия Парламента простым большинством голосов. Круг его полномочий определяет сам Глава государства. Предполагается, что Вице-президент по поручению Президента будет: – представлять интересы Республики Казахстан на международных форумах и переговорах с делегациями зарубежных государств; – представлять интересы Президента в Парламенте; – взаимодействовать с отечественными и зарубежными общественно-политическими, научными и культурно-просветительскими организациями; – выполнять иные поручения Президента».

Касым-Жомарт Токаев: «Данные основные положения, касающиеся служебного функционала Вице-президента, следовало бы также отразить в тексте Конституции. Упразднению подлежит часть аппаратных структур, обеспечивающих деятельность действующего Парламента, а также должность Государственного советника. Функционал, структура Администрации Президента и система ее управления будут реформированы в соответствии с практической необходимостью. Вам, конечно, известно, что должность Вице-президента существует в целом ряде стран. В нашем случае учреждение данной должности стабилизирует процесс управления государством, а также внесет окончательную ясность в отношении властной иерархии. Должен подчеркнуть: данное конституционное нововведение не означает ослабления самого института президентской власти. Напротив, пост Президента остается главным в государственной системе. Убежден, Казахстан будет успешно развиваться как президентская республика. От этой оправдавшей себя политической системы отказываться нельзя. Тем более, международный опыт убедительно свидетельствует в пользу именно такого выбора. Уверен, предложенные мною реформы государственной власти, в частности, переход к однопалатному парламенту – Құрылтай, создание Халық Кеңесі – Народного Совета, учреждение должности Вице-президента придадут мощный импульс развитию нашей страны, усилят ее потенциал».

Мемлекет басшысы: «2022 жылғы жүйелі өзгерістермен қатар алып қарағанда, алдымызда тұрған реформаларды жүзеге асыру 1995 жылы осыдан отыз жылдан астам уақыт бұрын бекітілген үлгіден мүлде жаңа конституциялық үлгіге көшу деген сөз. Осы бастамалар жалпыхалықтық референдумда азаматтарымыз тарапынан қолдау тапқан жағдайда Қазақстанның мемлекеттілігі, еліміздің саяси жүйесі түбегейлі жаңғырып, еліміз жаңа тұрақтылық деңгейіне көтерілмек. Осылайша, біз бір ел, бір халық болып, қазіргі алмағайып заманның сын-қатерлеріне төтеп береміз, оларды еңсереміз».

Президент: «Жалпы, бастапқыда Парламенттік реформа аясында Ата заңның 40-қа жуық бабын өзгерту жоспарланған еді. Алайда жұмыс барысында түзетулер саны әлдеқайда көп екені белгілі болды. 2022 жылғы реформада Ата заңның 33 бабы жаңарғанын білесіздер. Ал, ендігі өзгерістер одан да ауқымды. Біз, шын мәнінде, жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар қадам жасағалы тұрмыз. Сондықтан мен Конституциялық комиссия құру туралы шешім қабылдадым. Арнайы Жарлыққа ертең қол қоямын. Комиссия құрамына 100-ден астам азамат кіреді. Оның ішінде Ұлттық құрылтай мүшелері, белгілі заңгерлер, ақпарат құралдары басшылары, аймақтық мәслихат төрағалары мен қоғамдық кеңес өкілдері және басқа да білікті мамандар болады. Бұл жұмысқа Конституциялық соттың төрағасы жетекшілік етеді. Комиссия барлық ұсынысты сараптап, қорытып, нақты өзгерістердің жобасын әзірлейді. Содан соң жалпыхалықтық референдум өтетін уақытты белгілейміз».

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әлемдегі ахуал тым шиеленісіп тұрғанына қарамастан, біз елімізде күрделі әрі түбегейлі өзгерістерді жүзеге асырдық. 2022 жылғы конституциялық реформаға, одан кейін Атом электр станциясын салуға қатысты референдум кезінде халқымыздың басым көпшілігі мені қолдады. Мен әрбір шешімді елге қажеттігі тұрғысынан мұқият саралай отырып қабылдаймын. Азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған нақты жұмыспен айналысу мен үшін бәрінен маңызды. Халықтың қамы, ұлттың, мемлекеттің мүддесі – мен үшін баға жетпес құндылық. Алдағы уақытта да елімізді дамытып, Тәуелсіздігімізді нығайта түсу жолында бар күш-жігерімді салып еңбек ете беремін. Осы орайда, стратегиялық бағдарымды үнемі қолдап келе жатқан барша халыққа және осы залда отырған еліміздің лайықты азаматтарына шын жүректен ризашылығымды білдіремін және зор алғысымды айтамын».

Мемлекет басшысы: «Ұлттық құрылтай ел тарихында қалады. Біз аз ғана уақыт ішінде ауқымды жұмыс атқардық. Әділетті, Қуатты, Қауіпсіз әрі Таза Қазақстанның іргесін бірге қаладық. Сіздер еліміздің саяси-экономикалық, әлеуметтік және рухани болмысын өзгерту жолында зор еңбек еттіңіздер. Мемлекеттігімізді нығайтуға елеулі үлес қостыңыздар. Алдағы уақытта да біз бірге ел игілігіне қызмет ете береміз деп сенемін. Бізді әлі де көп жұмыс күтіп тұр. Ұлт болашағын айқындайтын ең маңызды шаруалар енді басталды. Сондықтан қиындықтан жалтарып немесе табысқа тоқмейілсіп отыруға қақымыз жоқ, уақытымыз да жоқ. Бірлігімізді бекемдеп, білек сыбанып, іске кірісуіміз керек. Келесі Парламентіміз халқымыздың ұлттық санасында өзіндік орны бар ұғым, атына заты сай Құрылтай сөзімен аталса, мұны жақсы ырымға балауға болады деп сенемін».

 

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *