Су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында «Казгидромет» РМК Қарағанды облысы бойынша филиалының қызметкерлері Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп Нұра және Шерубай – Нұра өзендерінің бассейні бойынша Қарқаралы, Шет және Бұқар жырау ауданындағы қар өлшейтін маршруттарды аралады.
Сапар барысында Калинин, Матақ, Бесоба, Қызылтау, Қамқор, Ақөре, Керней, Шешенқара Аққұдық, Тоғызқұдық, Қушоқы елді мекендері, «Жосалы» шипажайы және «Өгізтау»қыстақтары маңайында қар түсірілді.
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің «ТРЭКОЛ» жол талғамайтын техникаларын қолдана отырып 12 бақылау нүктелері бойынша айналып өту жүзеге асырылды. 
Маршруттың жалпы ұзындығы 1350 километрді құрады.
Қардағы су қорының деңгейін өлшеу нәтижесі негізінен шектен төмен екендігін көрсетті.

Сардар Әбдіжақия 
«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі 
Қарағанды облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?