Төлеби ауданы Ленгір қаласы №7 жалпы орта мектебінде болған оқиғаға байланысты ақпарат бойынша Төле би ауданы әкімдігі хабарлайды:
Төлеби ауданы Ленгір қаласы №7 жалпы орта мектебінде болған оқиғаға байланысты ақпарат.
2019 жылдың 12 қыркүйек күні аталмыш мектептің 10 сыныптың А. есімді оқушысы жолдан белгісіз флакон тауып алып, сағат 10.37-де үзіліс уақытында тауып алған флаконды әтір деп мектеп ғимаратының бірінші қабатындағы дәлізінде сепкен. Соның салдарынан балалар жөтеліп, 26 оқушы 2 мұғалім мен 1 техникалық қызметкерге алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Мектеп әкімшілігі тарапынан 70 қызметкер мен 711 оқушы сыртқа эвакуацияланып үйлеріне қайтарылған.
Қазіргі таңда, 8 оқушы ауруханаға орналастырылып, денсаулықтары дәрігерлердің бақылауына алынған.
Аталған дерек бойынша аудандық полиция бөлімімен тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *