1 наурыз – Алғыс айту күніне Түркістан облысының полицейлері «Азия дауысы» фестивалінің және «Дарын» конкурсының лауреаты белгілі Қазақстандық әнші Бейбіт Қорғанның қатысуымен балаларға арналған қайырымдылық концертін өткізді. Аталған іс-шара ҚР ІІМ-нің «Бақытты балалық шақты қорғау» жобасы көлемінде балаларға қатысты құқыққа қарсы әрекетсіздікке жол бермеудің жалпы қағидаларын қалыптастыруға, сондай-ақ жасөспірімдер қылмысының алдын алуға бағытталған. ҚР ІІМ бастамасымен ұйымдастырылып отырған бұл қайырымдылық концертке, тәртіп сақшылары мектептер мен оқу орындарының студенттерін, сондай-ақ көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларын шақырды. 300-ден астам балалар мен олардың ата-аналары Бейбіт Қорғанның шығармашылығына таңданып қана қоймай, «Сен», «Шоқ қыздар» атты сүйікті әндерін әншімен бірге қосыла шырқады. Танымал әншінің орындауына жас көрермендер ризашылық сезіммен шапалақ соғып, қуанышты көңіл күйге бөленді. Балаларға арналған қайырымдылық концертте ТО ПД-нің талантты қызметкерлері де ән шырқап, белсенділік танытты. Концерт соңында ТО Полиция департаментінің басшылығы Қазақстандық әнші Бейбіт Қорғанға өз алғысын білдіріп, сонымен қатар балаларға және ата-аналарына бейбітшілік, ынтымақ пен бақытты балалық шақ тіледі. Мұндай шаралар тәртіп сақшылары айтып өткендей, полиция қызметінің басты бағыттарының бірі жасөспірімдердің құқығын қорғау мен сақтау, жасөспірімдер арасындағы келеңсіздікті болдырмау және құқықбұзушылықтың алдын алуға септігін тигізеді.
«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі Түркістан облысы
![]()
