Сотталған Мұхтар Мұхамбетжан бойынша жаңа деректер пайда болды.
Берік Асылов, сіздің әділ, жүрегіңіз мемлекетіміз Қазақстан деп соғатынын мен білемін. Мен сізге жағымпаздану емес, сіздің іскер, шыншыл азамат екеніңізді бағалап отырып, сізге үндеу жасап отырмын. сотталған Мұхтар Мұхамбетжан Дауылқожаұлының қылмыстық іс құжаттарындағы құжаттарда қойылған қолтаңбаларды, сот үкімін бұзып сот сараптамасын тағайындауыңызды сұраймын.
Үш жыл бұрын сотталған қоғам қайраткері, ауған соғысының ардагері, идеолог, қызыл жұлдыз коволері, төрт балапанның әкесі, «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-ның экс- директоры Мұхтар Мұхамбетжан 29 млн. қаражатты жымқырды деп, айып тағылып, сот үкімімен 8 жылға бас бостандығынан айрылған еді.
Міне енді өзі және отбасы ес жиып, іс-материалдармен таныса келе, жасалған сот сараптамасына берілген хабарламалар бойынша сотталған М.Мұхамбетжанның қол қоймағанын көріп бізге дабыл қақты. Құжат көшірмелеріне қарағанда шынында да ерекше қолтаңбаларды көріп отырмыз.
Ал мынау төмендегі бейнежазбада, М.Мұхамбетжан шынында да пара алмаған, алайда пара алды деп сотталмай тұрғанда жарияланған «жалған» ақпарат еді. «Жалған» ақпаратқа ешкім жауап бермеді, кешірім сұрамады. Артынша М.Мұхамбетжан 29 млн. жымқырған болып шықты. Дәл осы ақпаратқа ҚР Бас прокуратурасы / Генеральная прокуратура РК , Akorda , ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі / Антикоррупционная служба РК назар аударсын деп сұранамын.
Жалған, жасанды құжаттармен, елге керек ер азаматтарымызды жасықсыз қамап жатқан болып жүрмейік?
Ал бұл мекемеге бөлінген 250 млннан астам қаражат бойынша жақында жариялаймын, елмен үкіметке.
Ендеше 2 директор бір мезетте басша болып отырғанын айтсақта екі директор емес, тек М.Мұхамбетжан сотталды.
Ол олма, сол бір мезетте екі директор басқарған кезде екінші директор А есімді азамат жұмыстан кеткен уақытта 1,5 млндай қаражатқа қол қойған, сонда да екінші директор А есімді азаматқа ешқандай шара көрілмеді!
Қалған қызықтармен адам сенбес жаңа деректер туралы жақын күнде жазып жариялайтын боламын.
Шымкент қаласы
(Видео, архив)
Сардар Әбдіжақия
![]()
