Жамбыл облысында қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды-деп мәлімдеме жасады Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жамбыл облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері КТҮ-158/1 қызметкерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде зират аумағында қару-жарақ пен оқ-дәрілер салынған жасырын қойманы анықтады.

Екі оқжатары бар «АКС-74У» автоматы, 9 мм калибрлі «ME-38 Marchal» травматикалық револьвері, 1 жарық-шуылды граната, 5,45 мм калибрлі 11 оқ дәрi, 9 мм калибрлі 38 оқ дәрi, 12 калибрлі 2 оқ дәрi және 5,45 мм калибрлі 8 бос оқ дәрi тәркіленді.

Сот-баллистикалық сараптамалар тағайындалды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.

Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?