Тараздық полицейлер iрi көлемдегi алаяқтық жасаған күдiктiнi ұстады. Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

2022 жылдың 24 шілдесінде Тараз қаласы Полиция басқармасына облыс орталығының тұрғындары жалпы сомасы 2 620 000 теңге қаражатын бейтаныс азаматшаның аз пайызбен несие шығарып беремін деген сылтаумен сенімдеріне кіріп, алаяқтық жолмен иеленіп кеткені туралы арызданған.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар 34 жастағы Тараз қаласының тұрғыны анықталды.

Күдікті кінәсін толық мойындады.

Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-тің 190-бабы 3-бөлігімен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?