Жамбылдық полицейлер 267 келiден астам есірткі затын тәркіледi. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі мәлімдеді Жамбыл облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 27 шілдесінде «Қарасора-2022» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданының құмды аумағында  марихуананы кептірiп дайындап жатқан 51 және 58 жастағы азаматтарды ұстады.

Ұсталғандардан жалпы салмағы 267 келi 300 гр «кептірілген марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді.

Күдіктілер кiнәсын мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен (Есірткі  заттарын, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу,  сақтау, тасымалдау, өткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?