Алматы Халықаралық әуежайының аумағында төбелес шығарған бұзақыларды қамауға алу санкцияланды. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Арыстанғани Заппаров мәлімдеді.
Еске салайық, ағымдағы жылдың 26 ​​шілдесіне қараған түні әуе айлағының автотұрағында үш мас ер адам төбелескен болатын. Бұл туралы полицияға көшеде өтіп бара жатқандар хабарлаған.
«Төбелесіп жатқандар полиция қызметкерлерінің талаптарына агрессиямен жауап берді. Олардың бірі — бұрын сотталған 1994 жылы туған У.есімді азамат, сыраның шыны бөтелкесін сындырып, полицейге қарай жүгірді, оны соққыға жыққысы келді. Ауыр қылмысты тоқтатқан тәртіп сақшысы қызметтік қаруынан аспанға ескерту оқ атқан. Нәтижесінде төбелеске қатысушылар ұсталды. Олар — Алматы және Түркістан облыстарының тұрғындары. Олардың екеуі — бұрын адам тонағаны және бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотты болған. Құқықбұзушылардың әрекеті ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі – бұзақылықпен квалификацияланған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», — деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Рүстем Абдрахманов.

Сотқа дейінгі тергеу органы күдіктілерге қатысты «қамауға алу» бұлтартпау шарасын таңдауды сұрады. Оны Түрксіб ауданының прокуроры да қолдады. Тергеу соты қылмыстың үш қатысушысын қамауға алуға санкция берді.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?