Алматы полицейлері бөтеннің мопедіне мінген қарақшының жолын кесті. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Арыстанғани Заппаров мәлімдеді
Жетісу аудандық полиция Басқармасының мәліметінше, 19 жастағы жасөспірімнің мопедін күшпен тартып алған қылмыскерді қууға мәжбүр болған.
«Дәлірек айтсақ, қаскөй мопедтің кілтін талап етіп, жас жігітті тұншықтыра бастаған. Оқиға кешкі сағат бестер шамасында Солтүстік айналма мен Геологтар көшелерінің қиылысында орын алды. Тоналған жас жігіт оқиға туралы дереу полицияға хабар берді. Бірінші болып «Буран-161» патрульдік полициясының экипажы мен жедел-тергеу тобы әрекет етті. Олар қаскүнемді қуа бастады. «Ізін суытпай» бұрын сотты болған 1984 жылы туған Б.есімді азамат ұсталды. Ол өзінің үйінде, жуынатын бөлмеде қолға түсті. Екі дөңгелекті көлік тәркіленіп, процессуалдық тәртіпте иесіне қайтарылды», — деді, Жетісу аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Дархан Мұсанов.

Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?