ҚР Ұлттық ұланының мерзімді қызмет әскери қызметшісінің қаза тапқаны туралы,  ҚР Ұлттық ұланы мәлімдеді.
Қатардағы жауынгер А. Шахимов далалық жаттығуда кенеттен орын алған дауыл кезінде қаруластарын шатыр ішінен қауіпсіз орынға шығаруға көмектескен. Себебі, жел екпінінің күшінен шатырлы қалашықтар бұзыла бастаған. Алмас өзінің батыл әрекеті арқылы достарына көмектесіп, өзі шатырдан ең соңғы болып шыққан. Осы кезде желдің екпінінен жұлынып кеткен шатырдың металл жақтауы оның басына тиіп, ауыр жарақат салдарынан оқиға орнында қаза тапты. Қиын сәтте қызметтестерін құтқарудағы ерлік ісі — батылдықтың, жауынгерлік рухтың, азаматтық жауапкершілік пен қайсарлықтың үлгісі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы ержүрек жауынгер А.Н. Шахимовтың ата-анасы мен жақындарына орны толмас қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?