Көктөбедегі өрт сөндірілді. Бұл турралы ҚР төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
06 қыркүйек күні сағат 18: 58-де Алматы қаласы ТЖД өрт сөндірушілері Медеу ауданы, Жәнібеков көшесі 78 үй маңындағы мекенжайға жоғары дәрежедегі шақырту бойынша жіберілді.
Келген бойда алдын ала 3 га алаңда тау баурайы учаскелерінің жанғаны анықталды, қаланың өзара іс-қимыл қызметтерінің күштері мен құралдары дереу ұлғайтылды. Сөндіру күрделі рельефпен, желдің күшеюімен және күннің қараңғы уақытымен қиындады.
Қабылданған жедел шаралармен сағат 20:22-де толық оқшаулауға қол жеткізілді. Сағат 20:35-де өрт толықтай жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орнына 17 бірлік өрт сөндіру техникасы мен суару машиналары және жеке құрамнан 130 адам жұмылдырылды.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?