Белгілі адвокат Ляззат Ракишева үкіметке арнайы  хат жолдайтынын хабарлады. Адвокаттың айтуынша, ақыры педофилдермен күресуге, түп-тамыры мен жоюға қауқары жоқ екен, зардап шеккендердің ары қарай өміріне, қалпына келуіне жағдай жасалып, мүгедектік сияқты санат белгіленіп, жәбірленгендерге арнайы жәрдемақы төленуі керек деген үндеу жасады.

«Қаншама хатты оқып, қаншама тағдырмен танысып жатырмын, құқықтарын қорғап жатырмын. Байқағаным, зорлық көрген балалар мен әйелдердің денсаулығы аса қатты зардап шегіп, уақыт өте салдары ауыр тиеді. Тәннің жарасы, жанның жарасы, психологиялық күйзеліс, дағдарыс…
Айта берсе, көп.
Сауығу үшін, қалыпты тірлік кешу үшін күресуге екінің бірінің күш-қайраты, шыдамы, қаражаты жете бермейді.
Сол үшін зорлық көргендерге үкімет тарапынан мүгедектік сияқты санат беріліп, арнайы жәрдемақы төленуі керек.
Ақыры педофилдермен күресуге, түп-тамырымен жоюға қауқары жоқ екен, зардап шеккендердің ары қарай өміріне, қалпына келуіне жағдай жасасын!»- деп, өзінің фейсбук парақшасында  жазба жариялады адвокат Ляззат Ракишева.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?