«Оператор РОП» ЖШС басшылары мен экс. экология вице-министрі сотталды. Бұл туралы  Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты мәлімдеді.
 Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотымен «Оператор РОП» ЖШС басшылары сотталды.
Сот РОП-тың үш басшысы 2016 жылдан бастап кезекпен экология вице-министрінің (бұрын ҚР ЭМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы) қолдауымен бірнеше рет аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын ұрлағанын анықтады.
 Жымқыру пайдаланудан шыққан көлік құралдарын артық құны бойынша кәдеге жарату жөніндегі үлестес компанияның қызметтеріне негізсіз ақы төлеу жолымен жасалған.
 Келтірілген залалдың жалпы сомасы 26,8 млрд. теңге.
 Сонымен қатар, Экология вице-министрі өз өкілеттіктерін асыра пайдаланып, кабельдік өнімдерді өндірушілер мен импорттаушылардың кеңейтілген міндеттемелерін енгізген заңсыз бұйрыққа қол қойған. Нәтижесінде, залал түрінде 325 млн. теңгеден астам ауыр зардаптар келтірілген.
 Осы кезеңде «Оператор РОП» ЖШС басшылары бұрынғы вице-министрдің көмегімен ЖШС шотындағы 180 млрд.теңгені ұрламақ болған. Сотталғандар Қазақстан аумағында аффилиирленген компания 6 қоқыс өртейтін зауыт салу кезінде ұрлық жасауды жоспарлаған.
 2022 жылға арналған инвестициялық саясатты іске асыру шараларына сотталғандар құрылысты қаржыландыруды негізсіз енгізген.
 Сондай-ақ, ЖШС-ның К. есімді басшысы мен М. есімді құрылтайшысы (іздестірілуде), ЖШС коммерциялық ұйымда басқару функцияларын пайдалана отырып, өз өкілеттіктерін асыра пайдаланып, дивидендтер алу желеуімен жалпы сомасы 920 млн.теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырған.
Сотталғандардың кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен, сот-медициналық сараптаманың қорытындыларымен, мамандармен және аудиторлық қорытындылармен дәлелденіп, келтірілген шығын көлемі 28,2 миллиард теңге көлемінде белгіленген.
 Сот үкімімен К. (2016-2019 жылдар аралығында ЖШС директоры) ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы, 250-бабының 1-бөлігі, 24-бабының 3-бөлігі, 28-бабының 3-бөлігі – 189-бабы 4-бөлігінің 2) тапмағы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
 К. (2019-2022 жылдар аралығында ЖШС директоры) ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағында, 24-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
 Сондай-ақ, П. ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігінде, 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағында, 24-бабының 3) бөлігінде, 28-бабының 5-бөлігі – 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағында, 361-бабы 4-бөлігінің 3) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
 Қаржы директоры Т. ҚК-тің 250-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» 2021 жылғы 7 желтоқсандағы ҚР Заңының 3-бабының 1) тармағы негізінде оған жазасы ½ -ге қысқартылды және коммерциялық ұйымдарда 5 жыл мерзімге басшы лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
 ҚР Президентіне сотталғандар К., П. және К.-ны мемлекеттік наградалардан айыру туралы ұсыныс енгізілетін болады.
 «Ж» акционерлік қоғамдастығының пайдасына 28,2 млрд. теңге сомасында азаматтық талап қою қанағаттандырылды.
 Сондай-ақ, сотталғандардың қылмыстық жолмен алынған жылжымалы және жылжымайтын мүлкі мемлекет кірісіне тәркіленді.
 Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Астана қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?