ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ТАЛҒАР АОА ОҚИҒАСЫНА ҚАТЫСТЫ ӘДІЛ ҚҰҚЫҚТЫҚ БАҒАЛАУДЫ ТАЛАП ЕТЕДІ. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Бүгін Талғар ауданының АОА-да қызметтік міндеттерін атқару кезіндегі медицина қызметкерлеріне қатысты жол берілмейтін зорлық-зомбылық әрекеттері жасалған өрескел оқиға болды.
Реаниматолог пен мейіргер пациенттің агрессивті туыстарының шабуылынан ауыр жарақат алды.
Осы құқыққа қайшы әрекеттерге құқық қорғау органдарының тарапынан сәйкес баға берілуі, шабуыл жасаған адамдар заңның барлық талаптары бойынша жазалануы тиіс. Дәрігерлерге жасалған мұндай қаскүнемдік шабуылдар, ауыр пациенттерге медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымның қызметіне араласуға мүлдем жол берілмейді және адамгершілікке жатпайды.
Денсаулық сақтау жүйесінде пациенттер мен дәрігерлердің қауіпсіздігі, науқастарға медициналық көмек көрсету үшін жағдай жасау әрқашан алдыңғы қатарда тұрады.
Басым міндет — зардап шеккен дәрігердің және басқа қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, барлық күш-жігерді зардап шеккен медицина қызметкерлерінің өмірі үшін күреске бағыттау, ал медициналық ұйым басқа шұғыл пациенттерге көмек көрсету үшін қауіпсіз жағдай жасау болып табылады. Әріптестеріміздің тезірек сауығып кетулеріне тілектеспіз!
Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде оларға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері жасалған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылып, медицина қызметкерлерін құқықтық қорғау, қауіпсіздік және мәртебесін нығайту бастамасын көтереді. Заңнамаға енгізілген өзгерістер Парламент Мәжілісінде қаралады және жақын арада бекітіледі деп үміттенеміз.
Аталған оқиға бойынша Алматы облысы полиция департаменті,  Талғар ауруханасында дәрігерлерді ұрып-соққан екі күдіктіні полицейлер ұстады- деп ресми мәлімдеме жасады.
А.ж. 19 қыркүйегінде сағат 10:35 шамасында, Талғар ауданы ПБ-ның кезекші бөліміне қалалық ауруханасының 27 жастағы реаниматологы мен 21 жастағы медицина қызметкерін белгісіз біреулер ұрып-соққаны туралы хабарлама келіп түскен.
«Бұл дерек ҚР ҚК 106-бабы 2-бөлігі бойынша аудандық полициясында тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Талғар ауданының полиция қызметкерлері 1987 ж.т. Ш есімді және 1994 ж.т. Н есімді күдікті тұлғаларды анықтап, қолға түсірді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін сараптамалық тексерулер тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізілуде», — деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.
Алматы облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?