Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев Ақсуат ауылдық округінің тұрғыны Жәмилә Сәдуоваға жаңа пәтердің кілтін табыстады.

«Ақмешіт» орталық мешітінің аумағында дәстүрлі «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы өтті. Шара аясында аз қамтылған 1600 астам отбасына азық-түлік таратылды.

«Жабырқағанның жанынан табылу, шарасызға көмек қолын созу, қайырымдылық жасау – халқымыздың қанына біткен асыл қасиеттердің бірі. Өздеріңіз білесіздер, осыдан бірер ай бұрын, үш бірдей бүлдіршінімізден қапияда көз жазып қалдық. Бұл қайғылы жағдай тек бір отбасының ғана емес, тұтас елдің қабырғасын қайыстырып, еңсемізді түсірді. Бірақ, Алланың ісіне амал бар ма?! Халқымызда «Қайғыны бөліссең азаяды…» деген сөз бар. Олай болса, сол үш бүлдіршініміздің анасы Жәмилә Сәдуова қарындасымызға Сырдария өзенінің сол жағалауындағы жаңа қаладан 2 бөлмелі пәтердің кілтін табыстағалы отырмыз»,-деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, жергілікті кәсіпкерлер мен қоғам белсенділерінің демеушілігімен 1600 астам аз қамтылған жанұяларға азық-түлік пакеттері таратылды. Қайырымдылық шарасы аясында қаржылық көмек көрсетуді қалаған жандар үшін «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті аумағында арнайы жәшік қойылды. Әрбір мекенжайға азық-түліктерді жеткізетін көліктер ұйымдастырылды.

Айта кетейік, қайырымдылық шараларын өткізу аймақтың игі дәстүріне айналған.

Көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету мақсатында аймақта жүйелі жұмыстар жүргізілуде: аз қамтылған отбасылардың, әсіресе, ауылдық жерден шыққан талапты балаларды оқытуға облыс әкімінің арнайы гранты тағайындалып келеді. Осы білім грантының негізінде 2013 жылдан бастап 900 жуық талапты жас еліміздің белді жоғары оқу орындарында білім алуда.
Апаттық жағдайдағы тұрғын үйлер мен жатақханалардың тұрғындары «Орда» бағдарламасы аясында жаңа пәтерге ие болды. Естеріңізге салайық, 2017 жылы аймақтық «Орда» тұрғын үй құрылысына бағытталған Жол картасы әзірленген болатын.

Бағдарлама шеңберінде 19 жылға дейінгі 35 мыңнан 43 мың теңгеге дейін төлеммен, 20% алдын-ала төлемсіз 500 мың кепілдік жарнасы арқылы пәтер алуға болады. Бағдарлама шарттарына сәйкес, баспана кезегінде тұрған көпбалалы және толық емес отбасылар; мүгедек баласы бар немесе мүгедек бала тәрбиелеуші отбасылар; жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 1-2 топ мүгедектері; оралмандар; сондай-ақ, 2 жыл некеде тұрған, балалары бар ерлі-зайыптылардың жасы 35-ке толмаған отбасыларға алуға болады. Осылайша аймақтық «Орда» бағдарламасы Елбасының «7-20-25» бастамасының жалғасы болып саналады.

Естеріңізге салайық, 13 ақпанда өткен облыс әкімінің есепті кездесуінде аймақ басшысы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды баспанамен қамтуға байланысты арнайы өңірлік бағдарлама әзірлеуді тапсырған еді.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі, Қызылорда облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?