20 ақпан күні таңғы сағат 7.45-те Байзақ ауданының Көктал ауылынан бір шақырым қашықтықтағы «Тараз-Мырзатай» көлік жолында жол-көлік оқиғасы орын алды.

Тараз қаласынан Байзақ ауданының Мырзатай ауылына бағыт алған «Ниссан Максима» маркалы автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, қарсы келе жатқан «Ауди-80» маркалы жеңіл автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Қақтығыс салдарынан «Ниссан Максима» көлігінің жануы орын алды. «Ауди-80» көлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі таңда осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жамбыл облысы полиция департаменті «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?