Мұнда инновациялық құрылғылар: видеокадрларды редакциялауға арналған Chromakey, «Ақылды үйдің» үш өлшемді Smart Home моделі, аймақтың көне қалаларының көрсетілімін туристерге ұсынуға арналған виртуалды және шынайы үлгісін бейнелейтін көзілдірік, 3Д-принтерде орындалған дрондардың, танктердің және басқа да техникалардың үш өлшемді модельдері, сондай-ақ «Қазпошта» клиенттеріне қызмет көрсетуге көмектесетін Арман роботы ұсынылған.

«Облыс әкімінің қолдауымен Қызылордада «ITiMAQORDA» орталығы құрылды. Онда оқушылар, студенттер мен жастар осы және басқа да ақылды технологиялармен танысып, 3Д-принтермен, робототехникамен және басқа да заманауи құрылғылармен жұмыс істей алады», — деді «Ақпараттық технологиялар орталығының» директоры Сәбит Ибадуллаев.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі, Қызылорда облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?