2019 жылдың 12 ақпанында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесі мен «Казмұнайгаз өнімдері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Үшбұлақ бекетінде орналасқан мұнай өнімдері резервуарындағы 10000 кубометр көлеміндегі шартты өртті сөндіру бойынша бірлесе отырып жоспардан тыс оқу-жаттығу өткізді.

Аталмыш жаттығуға Тараз қалалық өртке қарсы қызмет гарнизонының (Байзақ ауданы ю№8 Өрт сөндіру бөлімі, Тараз қааллық №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, №1 Өрт сөндіру бөлімі) бөлімшелері мен Кезекшілік өрт сөндіру қызметі қатысты. Жалпы аталмыш шараға Өрт сөндіру мекемесінен 4 дана техника мен 31 адам жұмылдырылып, сонымен қатар «SEMSER ӨРТ СӨНДІРУШІ» ЖШС-нің мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінен 1 дана өрт сөндіру техникасы қатысты.

Сондай-ақ оқу-жаттығуға Жамбыл облысының барлық «Казмұнайгаз» автожанармай бекетінің өкілдері қатысып, оларға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және өрт сөндіру кезінде алғашқы атқарылуы тиіс әрекеттер жан-жақты түсіндірілді.

Оқу-жаттығудың мақсаты – өрт сөндіру бойынша әрекеттер мен апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар басшылық құрам мен жеке құрамның әдістемелік дағдыларын жетілдіру болып табылады.

Үшбұлақ мұнай базасы 3 «Б» дәрежесіндегі сыйымдылығы 10000 м3 болатын өнімді сақтауға және мұнай өнімін тұтынушыларға қабылдап-өткізуге арналған қойма. Қазіргі уақытта мұнай базасының аумағында күндізгі уақытта он тоғыз адамға дейін қызмет етуші тұлғалар қызмет атқарады.

Әдістемелік ойлама бойынша сыйымдылығы 1000 м3 болатын мұнай базасы аумағында №1 резервуардан төгілген сұйықтықтың шашырауынан адам өміріне қауіп төндіріп, көрші орналасқан резервуарларға өту қаупі туындайды.

Өрт сөндіру мекемесінің Өрт сөндіру байланысы орталық пунктінің диспетчерімен өрт оқиғасы орнына №2 жоғарғы рангалы шақырту бойынша Тараз қалалық өртке қарсы қызмет гарнизонының күштері мен құралдары жөнелтіледі.

Өрт оқиғасы орнында адамдарды құтқару мен өртті сөндіру мақсатында өрт сөндіру штабы және 2 жауынгерлік бөлімше құрылады. Барлығы өрт сөндіруге және көрші орналасқан резервуарларды салқындату үшін 4 А оқпаны, 2 көбікті Пурга-30 генераторы қолданылды. Жалпы өрттің көлемі 600 м2 құрады.

Бөлімшелер алдына қойылған тапсырмаларды өз деңгейінде орындап, нәтижесінде шартты өрт жойылды. Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша орын алған кемшіліктері ескеріліп, ол бойынша тиісті нұсқаулар берілді.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Ғалымжан Жағыпарұлы Абдирахманов аталған нысанның ерекшелігі мен стратегиялық маңыздылығы жөнінде сөз қозғап, шартты өртті сөндіру бойынша бөлімшелермен атқарылған жұмыстарға оң баға берді.

Жаттығу соңында нысанның әкімші өкілдерімен экскурсия ұйымдастырылып, нысанның өзіне тән техникалық ерекшеліктері жан-жақты түсіндірілді.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі
Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?