Шымкентте қайғылы жол-көлік оқиғасы орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 тамыз күні Бәйдібек би даңғылы мен А. Көшеров көшесінің қиылысында Toyota Camry және Audi S8 автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. ЖКО салдарынан Toyota Camry жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Үш кәмелет жасқа толмаған бала түрлі дене жарақаттарымен қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Автокөліктердің жүргізушілері мен қалған екі жолаушыға қалалық клиникалық ауруханада медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне қайтарылды.

Жайт ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі “Көлік құралын басқаратын адамның абайсызда адам өліміне әкеп соққан жоо қозғалысы ережелерін бұзуы” бойынша СДТТБТ-не тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?