Атыраулық полицей түн ішінде көпірден секірмек болған ер адамды райынан қайтарды 25 тамыз түнгі сағат 01:30 шамасында 102 арнасына «Жұмыскер — Балықшы» көпірінің үстінде белгісіз ер адамның суға секірмекші болып жатқандығы жөнінде хабарлама түскен.

Оқиға орнына дереу жеткен патрульдік полиция батальонының взвод командирі Асланбек Ғарифуллин дереу өз-өзіне қол жұмсамақ ниетте тұрған 35 жастағы қала тұрғынымен профилактикалық әңгіме жүргізген. Аталған азамат тәртіп сақшысына өзінің екінші топтағы мүгедек екенін, отбасына ақша жеткізе алмағандықтан көпірден секірмекші болғанын айтқан.

Әңгімелесу сәтті аяқталып, қала тұрғыны өз райынан қайтқан. Медициналық сараптаманың қорытындысымен 35 жастағы азаматтың жеңіл дәрежелі масаң күйде екендігі анықталып, ол қалалық полиция бөлімінің жедел-тергеу бөліміне тапсырылды.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?