Шымкентте адам өліміне күдікті ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

26 маусымда Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ-на жедел жәрдем бригадасынан 30 жас шамасындағы әйел кісінің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барған кезде мәйіт 32 жастағы азаматшанікі екендігі анықталған.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігімен (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) СДТТБТ-ға тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қылмыстық іс бойынша 38 жастағы азамат күдікті ретінде танылып, оған қатысты сырттай күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы таңдалып, іздеу жарияланған. 27 тамызда күдікті ұсталып, Әл-Фараби АПБ-ға жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жалғасуда.

Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?