Бүгін шырайлы Шымкенттің қазіргі заман талаптарына сай, ерекше үлгідегі, «Oscar» мектебі  Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов және қаланың зиялылары  қатысуы мен тұсауы кесіліп, балалардың құжатын қабылдауға кірісті.

Бүгінгі  «Ашық есік күні»  қонақтары мен Шымкент қаласы білім басқармасы басшысы Жанат Арысбекқызы сөз сөйлеп, тілектерін жаудырды.

Президентіміз К.Қ.Тоқаев жариялаған “Балалар жылы” жобасы аясында
“Oscar” мектебінде  халықтың балаларын сапалы білім алу мақсатында керемет жеңілдіктерінің бірі, сіздің балаңыз  мектепте 50% жеңілдікпен оқи алады.

«Оscar» мектебінің мақсаты – оқушылардың алған білімдерін үздіксіз дамытумен бірге күнде өзгеріп отырған әлемде бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.
Біліммен бірге баланы жан жақты дамытатын «Oscar school» — лингвистикалық жекеменшік мектебі, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін қызықты үйірмелер қарастырылған, яғни
робототехника;
актерлік шеберлік;
домбыра;
би үйірмесі;
көркем сурет;
қыштан құмыра жасау;
шахмат және тағы да басқа  спорт үйірмелері арқылы балаларға еркіндік, болашағына таңдау мүмкіндігі жолға қойылған. Тіпті мектеп 3 мезгіл  ыстық тамақты да оқу ақысы ішінда қарастырған.

Мектепте оқудың артықшылықтары:
— Барлық балалар үшін перспективті және сапалы білім беру жүйесін құру мақсатында үздік ұлттық және халықаралық тәжірибені қолданады.
— Мектеп техникалық және әлемдік стандарттар бойынша салынған, сонымен қатар заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған.
— Мектеп асханасының әдемі интерьер дизайны оқушылардың жағымды эмоционалды көңіл-күйін қамтамасыз етеді және іс жүзінде тәбетті арттырады.
— Балаларға эстетикалық тәрбие беру мақсатында би, гимнастика залдары бар.
— Қосымша спорттық білім беру үшін спорт залдар оқушыға қолайлы заманауи үлгіде жабдықталған.
— 15 оқушыға дейінгi сыныптар. Соның арқасында әрбір оқушыға мұғалімдер тарапынан жеке көңіл бөлінеді.
— Ағылшын тілін міндетті түрде тереңдетіп оқытумен қатар, әрбір бала екінші шет тілін таңдайды. Таңдау: француз, қытай, корей тілдері.
— Шет тілдерін оқыту әдістемесі халықаралық стандарттарға сәйкес жасалған.

Құжат тапсырып үлгеріңіздер, орын саны шектеулі
Жеңілдікке ие болу үшін, мектеп әкімшілігінен консультация алуыңызды сұраймыз!
Байланыс үшін: 8707-850-60-60
Мекен жайы:Шымкент қаласы  Қонаев даңғылы 54а

Сардар Әбдіжақия

Шымкент қаласы

 

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?