Шымкентте марка стандарттарына толық сәйкес салынған EXEED қытайлық премиум автобрендтің алғашқы ресми 3S дилерлік орталығы өз есігін ашты. Айта кетейік, жаңа дилерлік орталық базасында 30 жұмыс орны ашылды.

Жаңа дилерлік орталықтың жалпы ауданы 1700 ш.м. құрайды, оның ішінде бір уақытта он бір автокөлік орналасатын шоу-румның ауданы – 700 ш.м. құрайды. 1000 ш.м. алаңда автокөліктерге қызмет көрсету бойынша толық қызмет кешені бар 15 бекетке есептелген сервистік цех орналасқан. Сервистік цех инновациялық жабдықтармен, сондай-ақ білікті мамандармен қамтамасыз етілген. Орталықтың әрбір маманы өндіруші сертификатына ие, қызметкерлер толық оқу циклынан өткен және бренд автомобильдеріне қызмет көрсетуге және жөндеуге барлық қажетті рұқсаттарға ие. Сервис-орталықта техникалық қызмет көрсетуді, диагностиканы және қозғалтқыштарды, электрика мен жүрістік бөлігін жөндеу бойынша жұмыстардың барлық түрлерін жүзеге асыруға болады. Бұл жұмыстардың барлығы өндірушінің стандарттары мен технологиялық карталарына толық сәйкестікте орындалады.

Қазақстандағы EXEED дистрибуциясының директоры Борис Сасин атап өткендей, EXEED маркасын дамыту мен ілгерілетудің басым орталықтарының бірі ретінде Шымкент кездейсоқ таңдалған жоқ.  «Бұл Қазақстандағы халық саны бойынша үшінші және алып жатқан аумағы бойынша бірінші қала, елдің ірі өнеркәсіптік, сауда және мәдени орталықтарының бірі. Ол Қазақстан аумағында халық саны бойынша екінші агломерацияны құрайды. Қазақстанның агломерацияларды дамыту стратегиясын іске асыра бастағанын жақсы білеміз. Егер бұрын бізде миллион халқы бар бір ғана қала — Алматы болса, енді Нұр-Сұлтан мен Шымкент, яғни миллионды үш қала бар. Сондықтан осы қала мен аймаққа үлкен үміт артамыз және дәл осы жерде сату орталығының ашылғанына қуаныштымыз. Біз жоғары сатылымдарға және жайлылық, инновациялық технологиялар мен ерекше сенімділік арқасында марка шымкенттіктерге ұнайтынына сенеміз», — деп толықтырды Б.Сасин.

 

Марканың модельдік қатары LX ықшам кроссоверімен, орташа өлшемді TXL кроссоверімен және толық өлшемді VX жол талғамайтын көлігімен ұсынылған. Барлық үш модель жаңа дилерлік орталықта қолжетімді, бұл ретте өз талғамыңызға қарай нақты жиынтықты, жарақтандыруды және түс гаммасын таңдауға және тапсырыс беруге болады. Максималды жиынтықтағы LX моделінің бағасы 16,3 млн. теңгені, TXL — 21,9 млн.теңгені, VX – 23,4 млн. теңгені құрайды. Бұдан басқа, автоорталықта «трейд-ин» қызметі және басқа да қажетті қаржылық сервистер, соның ішінде автокөлік сатып алу үшін несиелер мен бөліп төлеу қолжетімді.

EXEED-тің жаңа модельдерін пайдаланудың кепілдік мерзімі нарықтағы барлық басқа ұсыныстардан едәуір асып түсті, соның ішінде әлемге әйгілі брендтердің автомобильдерін қосқанда – 7 жыл немесе жүрілген жолы 200 мың км. Бұл теңдесі жоқ ұсыныс деп айтуға болады – Қазақстанда басқа бірде-бір автодилер мұндай кепілдіктер бермейді. Компанияда белгілеп өткендей, бұл көптеген сынақтар кезінде расталған EXEED автомобильдерінің ерекше сенімділігінің арқасында мүмкін болды. Сонымен қатар, инновациялық инженерлік шешімдер мен оның автомобильдері жиналған заманауи материалдар осы брендтің жоғары тартымдылығын қамтамасыз етеді.

Айта кетейік, жыл соңына дейін Шымкентте кем дегенде 132 маркалы автомобиль сатылады деп жоспарлануда. Қазақстан бойынша сатылым басталғалы бері барлығы 418 EXEED автокөлігі сатылды, ал жыл соңына дейін кемінде 1000 көлікті сату жоспарланып отыр.

EXEED ресми дилерлік орталықтары Алматы, Нұр-Сұлтан, Қостанай, Ақтөбе және Шымкент қалаларында жұмыс істейді. Дистрибьютордың хабарлауынша, қыркүйек айында Атырау мен Қарағандыда жаңа орталықтар ашылады, ал жыл соңына дейін бренд Орал, Ақтау, Павлодар және Өскеменде пайда болады. Бұдан әрі дилерлік желіні келесі жылы 14 автоорталыққа дейін және 2024 жылы 19-ға дейін кеңейту жоспарлануда.

Қазақстан Республикасы. Шымкент қаласы

31 тамыз 2022 жыл.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?