Жамбылдық полицейлер «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» республикалық тас жолының Алматы облысы шекарасынан Түркістан облысына дейінгі ұзындығы 450 шақырымды құрайтын учаскесіндегі екі бағытта да көліктерді алып жүруде.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол-көлік оқиғалары жиі болатын аумақтарға ерекше назар аударады.

Тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерінің сақталуын, жылдамдықты шектеуді, жолаушыларды қауіпсіз тасымалдауды қадағалайды.

Статистика Жамбыл облысының автожолдарындағы транзиттік ағынның айтарлықтай өскенін көрсетеді. Өткен жылы облыс арқылы тәулігіне 9 мың көлік өтсе, бүгінде олардың саны 43 мыңға артқан.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерді қауіпсіз жылдамдық пен көліктер арасындағы қашықтықты қатаң сақтауға шақырады.

Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?