Өзенге құлап кеткен 5 жастағы баланы 16 жастағы бозбала құтқарып қалды. 2 қыркүйек күні сағат 18:00 шамасында Атырау қаласы, Орталық дене шынықтыру кешені тұсында Жайық өзеніне батып бара жатқан баласын әкесі өзі құтқармақ болған, кейін шағын қайықпен жанынан өтіп бара жатқан 16 жастағы Евгений Русаков есімді бозбала дереу көмекке келген.

Жайық өзенінде белгісіз адам мен жасөспірім баланың көмек сұраған дауысын естіп стационарлық бекетте қызмет атқарып тұрған Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері полиция лейтенанты Ақжол Қибатоллаев және полиция аға лейтенанты Бердібек Хабибуллаев келген. Кейін полицейлер жағалауға шығарып,1992 ж.т азамат пен оның 2019 ж.т ұлына жедел жәрдем шақыртылып, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Ал, өзенде адам тасымалдаудың қауіпсіздігін қадағаламаған тұлғаларға қатысты іс-құжаттар жинақталуда.

Атырау облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?