Ия, таптырмас дәрігерге «тапсырыспен»  қастандық ұйымдастырған кім?

Себебі , әлеуметтік желілерде дәрігерге 1,5 млн. ақша берді деген үнжазба таратылған. Алайда ол үн жазба қиылып, жеке мүдде үшін ғана жарияланғаны туралы айтылып жатыр. Егер аталған қаражатты Рахымжан есімді дәрігер алса, неге аурухананың бас дәрігеріне тоқтаусыз айыптаулармен арыздар жазылып, арнайы адамдардан  компромат жинап жүргені медбикенің әрекеті түсініксіз.  Бас дәрігер Абылай Донбайға компромат жинап жүрмін деген медбикенің әрекетіне, енді орган қызметкерлері  процессулдық шешім көріп, ресми жауабын беретінін күтеміз.

Ал ақша алды деген сөздерге ақша бердінің кейпін киген, марқұмның баласы А.А. есімді азамат, бұл аталған ақпараттар жалған екенін мәлімдеді. Айтуынша өздерінің арасындағы дауға бізді пайдаланғысы келген сияқты:

Шымкент қаласы, №1 клиникалық ауруханасының білікті дәрігері бүгінгі таңда 200ге жуық бүйрек, 30ға жуық бауыр трансплантациясын жасап, қаншама адамдарды өміріне араша түсіп, аман алып қалуда үлкен үлесін қосып, өліммен күресіп жүрген, бас дәрігер Абылай Донбай бүгінгі таңда түрлі бейресми ақпараттар мен арнайы жасалған топтың табалануында қалып отырған көрінеді.
Себебі әлеуметтік желілерде Абылай Донбай және №1 клиникалық ауруханасының таптырмас дәрігерлерінің бірі Рахымжан, бүгінгі таңда қайтыс болған азаматшаға қатысты 1,5 млн. теңге ақша алды деген аудиожазба желілерде кеңінен орын алып отыр. Біз бұл жағдайға жаға ұстап, ақпараттың анық-қанығына көз жеткізуге кірісіп, болған ақиқатты анықтап көрген едік.
Аталған жәйт бойынша, яғни дәрігерге ақша берді деген азаматты іздеп, сұрадық.

Өзінің бейнесін көрсетуге келіспеген «Ж.» Есімді азаматшаның айтуынша менің сөйлескен сөздерімді менің рұқсатымсыз, әлеуметтік желіге таратып жіберген және ол сөздер қиылып, монтаждалған себебі менің сөздерім толығы мен жарияланбаған дейді.

«Ол жалған ақпарат. Әрине кешірім сұраймын. Менің айтқым келгені, қайтыс болған азаматшаның жүріп тұрғаны, дәрі дәрмектеріне кеткен қаражат туралы мәлімдеген едім.Рахымжанға ешқандай қаражат берілмеген. Рахымжанға айтар алғысым шексіз, ол өте білікті маман. Ауруханада жұмыс жасайтын Айжан есімді мебдике мен сөйлескен сөздерім қиылып, менің рұқсатымсыз бұрмаланып, әлеуметтік желіге таралып кеткен»-дейді азаматша «Ж»

 

Әлеуметтік желіде марқұмның жеке басына тиесілі, оның диагнозы, аты-жөні, ЖСН, туылған күні- мекен-жайы және ол кісінің байланыс номерлеріне дейін ашық түрде жарияланған.

Сурет әлеуметтік желіден жүктелді.
Сурет әлеуметтік желіден жүктелді.

Рұқсатымсыз, ақпаратты бұрмалап жеке мүддесі үшін, менің анамның диагноздарын,  мен көрмеген құжатты  жариялаған адамды кім екенін білмеймін, ол туралы шара қолдану үшін полицияға арыздандым, сіздерде көмектесіңіздер шара қолдануға деді- марқұмның баласы А.А.есімді азамат:

Қазіргі таңда көптеген адамдар денсаулыққа қатысты ота жасату үшін шет елдерге баруға, отаға, үлкен қаражат кететіндіктен, халықтан көмек сұрап жатады. Себебі күрделі оталар шет мемлекеттерде үлкен, қалта көтермейтін соммаға жасалатынын барлығымыз білеміз. Қалталы азаматтар шет мемлекеттерден қаражат жұмсап дәрігерлер жалдап, шақыртады. Ал еуропаларда  күрделі ота жасайтын мықты дәрігерлер өзімізде де бар, алайды олар жаптым-жала, жақтым күйе құрбанына айналып жатқаны жалған емес.  Кейбіреулердің, біздің халқымызға мықты дәрігерлер керек екенін ескеру емес, керісінше жеке мүддеге қызмет етіп жүргендері  өте өкінішті. Ертең сол дәрігерлерге өзіміз, немесе жақын бауырларымызбен қайтып келмес жалғыз ата-анамыз мұқтаж болуы мүмкінғой.

Кеше ғана өліммен беттесіп, ашық, ковидтпен күрескен дәрігерлерге жала жауып, қолдан арыз ұйымдастырып, компромат іздеп қастандық жасау кімге керек болды, әзірге белгісіз.

Барымызды бағалайық ағайын!

Сардар Әбдіжақия

(жалғасы бар)

Шымкент қаласы.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?