«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кейінгі кезеңге көз жіберу керек». Міне, бұл елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі екені біреудің құлағына таныс болса, екінші біреуге беймәлім . Бұл сөздердің астарында қанша мағына жатыр десеңізші?! Әрине, біз алға қарай жылжу үшін, өткен тарихымызға міндетті түрде көз жүгіртуіміз керек. Тарих тағылымын білмеген адам, өмірді сүруді білмеген жанмен тең. Әсіресе, ең бірінші біз үшін білу керек нәрсе ол біздің мәдениетіміз деп ойлаймын. Тасын түрте қалсақ тарихтан сыр шертетін керемет киелі жерлер мен күмбез, кесенелеріміз өте көп. Солардың ішінен, бәрімізге белгілі, махаббат пен адалдық символы бола білген Айша бибі кесенесі жайлы ой қозғағым келіп отыр. Неге дәл осы Айша бибі кесенесі? Себебі, бұл көне заманның бүгінгі куәгеріндей күмбездерін күнге сүйгізіп, аймақтан аты асқақтап тұрған ескерткіш. Айша бибі кесенесі байырғы Асанқайғы бабамыз айтқандай: «тас тастасаң тал болып көктейтін» жерде, көне шаһар болған Тараз қаласының маңында орналасқан. Сол ғасырлар соқпағынан аман өткен кесененің тек батыс бөлшегі ғана сақталып қалған екен. Қайта қалпына келтіру жұмыстары осыдан біраз жылдар бұрын жасалыпты. Алайда, ежелден бұрыңғы қалпын бұзбай бүгінгі күнге дейін сақталып келгені асқан шеберлікті көрсетеді. Археологиялық зерттеулер бойынша белгілі археолог мүшесі В.Панков: ««Айша бибі кесенесінің төрт бұрышында жуан бағаналары бар. Әр фасадының ортасында жоғары және сүйірлеу аркамен бітетін кішірек қуыстар бар. Барлық қабырғалары мен бағаналарының беті тұтастай ұққыш тақталармен қапталып шыққан. Кесененің ішкі беті кірпіштен, сыртқы беті күйдірілген құйма балшықтан қаланған. Кірпіш пен құйма тастардың арасынан әк қосылған балшықпен жымдастырып, арша ағашымен ұстатылған. Мұндай әдістің жер сілкінгенде қабырғалардың құламай сақталып бүгінге дейін жетуінің айғағы осы» деген болатын. Тарих қойнауына сүйенер болсақ, Қараханидтер сәулет ескерткіштері ішінен бұл ескерткіш ең кереметі болып табылады. Ғашығынан айырылып, қайғыдан қан жұтқан Қарахан сүйген жарының денесін арулап жерлеп, басына әсем күмбез орнатқан екен. Сонау қос ғашықтың қосыла алмай біткен тағдыры бізге бір тарих болып қалды. Кесененің сыртқы келбетіне үңіліп қарар болсақ, қаланған кірпіштерінің өзі таңғаларлықтай дүние іспеттес. Айша бибінің кім екендігі жөнінде ғасырлар сорабынан жеткен аңыз болмаса, тарихи деректер жоқтың қасы. Ал, бүгінде Айша бибі кесенесі-бір шаранаға зар болып жүргендердің тәу етіп келетін қасиетті жеріне айналған десе де болады.Әулиелі жердің топырағын басып, кесенеге ізгі ниетпен келгендердің тілектері кейде қабыл болып жатады деседі. Жаңадан шаңырақ көтерген жастар ескерткіш басына келіп, тағзым етіп жатады екен. Қанша дегенмен де бұл күмбездің тарихи тағылымы терең. Мүмкін бұл да бір дұрыс әрекет шығар. Тіпті, шетелден келген туристерімізде, алыстан ат терлетіп арбаланып келген қандастарымызда таңырқап кетеді. Келіп кетуші тұрғындарға барлық жағдайлар жасалған.

Кесене алдында автотұрақ, ескерткішке арналған ұлттық кәдесыйлар да сатылады екен. Иә, бибісінен айырылған жан үшін оның сүйгеніне деген махаббаты мәңгілік. Себебі, олардан үлкен естелік қалады. Сондықтан мәңгілік махаббат пен адалдықтың символы бола білген Айша бибі кесенесі өткенге сағынышты, болашаққа өнегелі дүние. Әйелге тозбас болған ескерткіш әр адам баласы мақтана алатындай дәрежеде болу керек. Өз ұлтымыздың мәдениеттерін жоғалтпай, барымызда бағаламасақ, болашақта оның күмбез болып тұру тұрмауына кім кепіл?

Құралай ЖАНДАРБЕКОВА

«Тұран» университеті, 2-курс

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?