Қарағанды облысында полицейлер көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған ер адамды құтқарды- деп хабарлады полиция департаменті.

Абай ауданы ПБ Топар полиция бөліміне Сарыарқа көшесіндегі көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінде отбасылық жанжал болып жатыр деген хабарлама түсті. Бұл мекенжайдың маңында полиция бөлімі бастығының орынбасары Еркін Төлеубеков пен учаскелік инспекторлар Арман Ахметов және Думан Мусин болған еді. Олар жұмыстан тыс уақытта болғанмен, жағдай шұғыл араласуды қажет етті.

Толығырақ:

https://www.youtube.com/watch?v=SbhOcx4IjJI

Оқиға орнына жеткен олар бес қабатты үйдің төбесінде ер адамды көреді. Ер адамды өз-өзіне қол жұмсау қадамынан аласа темір тор ғана ұстап тұрды.

Тәртіп сақшылары тез арада шатырға көтерілді. Еркін Төлеубеков ер адаммен сөйлесуге кірісті. Тұрғын өз-өзіне қол жұмсағысы келетінін айтқан. Кенет ер адам қоршаудан өтуге тырысты. Жедел әрекет еткен полицейлер ер адамды ұстап қалды.

38 жастағы ауыл тұрғыны мас күйінде үйдегілермен жанжалдасып қалған. Сол уақытта өзін-өзі өлтіремін деп қорқытып, үйдің шатырына шығып кеткен. Ер адам дәрігерлерге тапсырылды.

Қарағанды облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?