Көлікті жалға алған такси жүргізушісі елордада есірткі сатумен айналысқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордалық полиция қызметкерлері арнайы операция жүргізу барысында және “Қарасора” жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде Астана қаласының аумағында аса ірі мөлшерде есірткі өткізу арналарын жойды.

Мәселен, Қапал көшесінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі сатқаны үшін Lada Granta көлігінің 20 жастағы такси жүргізушісі ұсталды. Өзіне назар аудармау үшін такси көлігін арнайы жалға алған. Осылайша жас жігіт тыйым салынған заттарды сатумен айналысқан. Ол арнайы жолақпен жүрген, бірақ жолаушы тасымалдаумен айналыспаған. Тінту барысында салонда жүргізуші орындығының астынан сатуға дайындалған, жалпы салмағы шамамен 200 грамм болатын каннабис тобы есірткісі салынған 35 полиэтилен пакеті табылды.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?