2016 жылы Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ассамблеяның кезекті бір отырысында Қазақстанда алғыс айту күнін мереке ретінде белгілеген болатын. Бұл күн қазақ халқының достық қарым-қатынасы мен қонақжайлығын білдіретін күн ретінде тарихта қалды десек қателеспейміз. Кейінге шегініс жасасақ Кеңес Одағы жылдарында көптеген ұлт өкілдері Қазақстанға қоныс аударғанда жергілікті қазақ халқы құшақтарын жайып, қарсы алды. Одан бері республика халқы түрлі өтпелі кезеңдерді бастан

өткерді. Қазіргі заманауи Қазақстанда орыстар, украиндықтар, белорустар мен өзге де ұлт өкілдері қоныстанған. Осыдан-ақ көпұлтты қазақстандықтардың тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқандығын аңғаруға болады.

Осыған орай, 2019 жылдың 1 наурызында көктемнің алғашқы күні, яғни 1 наурызда Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру саласының қызметкерлері аталмыш мерекеге орай Жамбыл обыстық Достық үйіне бас сұқты. Қазақстан Халқы ассамблеясының өкілдері жоғары деңгейде мерекелік концерт ұйымдастырып, түрлі этнос өкілдері өздерінің салт-дәстүрлері мен тұрмыс-салтынан үзінді көрсетті. Аталмыш шара барысында барша қатысушылардың концерттік костюмдері көздің жауын алатындай өте әсем дайындалғаны көрініп тұрған еді. Ал түрлі тілде айтылған әндер барша жұрттың көңілін бір көтеріп тастады. Сондай-ақ зал ішінде достық пен бірлік, қонақжайлық лебі есіп тұрды. Жалпы аталмыш шараға Жамбыл облыстық Өрт сөндіру мекемесінің қызметкерлері Елбасының биылғы жылды «Жастар жылы» деп белгілеуі аясында арнайы шақыртылған болатын.

Мерекелік шара осңында қызметкерлер «Көне Тараз» тарихи –мәдени орталығын тамашалап, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына өз үлестерін қосты. Міне осылайша қызметкерлер көктемнің алғашқы күнімен қатар келген алғыс айту күнінде көңілдерін көтеріп, рухани тұрғыдан да өздерін біршама дамытып қайтты.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру қызметі

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?