Бұл жайында СҚО әкімі Құмар Ақсақалов облыстық әкімдіктің отырысында мәлімдеді. Күн тәртібінде — «Нұр Отан» съезінде Нұрсұлтан Назарбаевтың берген тапсырмаларын орындау. 
Елбасы мемлекет әлеуметтік саясатты күшейте түсетінін айтты. Көп балалы және аз қамтылған отбасыларға көмек басты назарда болады. Қазір облыста 341 көп балалы отбасы пәтер кезегінде тұр. Оның тек жартысы биыл баспанаға ие болады. 

«Биыл 226 пәтерге шақталған 3 үй саламыз. Бір жылдың ішінде отбасылардың 50 пайызын баспанамен қамтимыз. Аудан әкімдері әр отбасымен жұмыс істеп, баспанаға зәру отбасыларды анықтасын», — деді Құмар Ақсақалов. 

Облыста атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың саны 2115 ден 3225 отбасыға дейін өспек. Бұған республика қазынасынан 1,7 млрд.теңге бағытталмақ. Әр балаға ай сайын төленетін қаржы 20 мың теңгеге дейін өсті. Өңірде 6700 бала осы көмекке ие болмақ. Мүгедек бала асырап отырған 2 мың отбасы үшін ай сайынғы жәрдемақы 30 пайызға, яғни 31 мыңнан 41 мың теңге дейін өспек. 
Көп балалы отбасыларға 2-3 пайызбен пәтер беріледі. Жергілікті бюджет алғашқы жарнаның 10 пайызын өз мойнына алмақ. 
Жұмыссыздар мен өз-өзін қамтамасыз еткен азаматтарға «Еңбек» бағдарламасы өз көмегін тигізбек. Несиелерге 2,8 млрд.тг, гранттарға 300 млн.тг бөлінеді. Сөйтіп, 1796 солтүстікқазақстандық бизнеспен айналыса алады. Тіпті үйде отырып кәсібін дөңгелетуге мүмкіндік туды.  СҚО жаршысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?