Шаһар полицейлері көп қабатты үйдің төбесінен секірмек болған әйелді құтқарды- деп хабарлады, Шымкент қаласы полиция департаментінің басшысы Қайрат Дәлбеков.
Қаратау АПБ-ның 102 пультіне «Адия» ТК-нің тұрғындарынан қоңырау түсті. Тұрғындар белгісіз адам 5 қабатты үйдің төбесіне көтеріліп, өз-өзіне қол жұмсамақ болып тұрғанын хабарлады.

Бұл туралы кезекші жедел түрде патрульдік полиция полкінің барлық экипаждарына хабарлады. Шақыруға бірінші болып 1-рота қызметкерлері полиция лейтенанттары Қанат Бишинов пен Бейбіт Нұрпейісов келді.
Патрульдік полицейлер бірнеше минут ішінде өз өмірлерін қатерге тігіп, көпқабатты үйдің төбесіне көтерілді және әйелді әңгімеге тартып, назарын аудару арқылы, ойынан қайтарып, құтқарып қалды.
Қала тұрғыны аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Белгілі болғандай, әйелдің үш баласы бар. Әңгімеден кейін полицейлер оны күйеуіне тапсырды. Өз кезегінде жұбайы тәртіп сақшыларына қызметі үшін алғыс айтты. Ол қазір отбасының қасында.
Құрметті тұрғындар, сіздердерді жақындарыңыздың өміріне мұқият болуға, кез-келген қиындыққа бірігіп қарсф тұруға шақырамын. Қандай жағдай болмасын оңайлықпен берілмеңіздер ең әуелі балаларыңыз бен жақындарыңызды ойлаңыздар. Барлық қиындық уақытша екенін естен шығармағандарыңыз абзал.
Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?