Ресей азаматы бірқатар алаяқтық жасағаны үшін ұсталды-деп мәлімдеді, Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Арыстанғаны Заппаров.
Полиция қызметкерлері бірқатар алаяқтық жасағаны үшін 1970 жылы туған С.есімді азаматты ұстады.
Полицияның мәліметінше, қазіргі уақытта күдіктінің үш эпизодқа қатысы бар екендігі анықталды.
«Қылмыстың тізбегі қарапайым болды: аңқау азаматтар такси жолаушысы сияқты көрініп, жүргізушімен тіл табысып алған алаяқтың айласына оңай түсіп қалатын. Жол-жөнекей ер адам жүргізушіні техника мен басқа да халық тұтынатын тауарларды нарықтан төмен бағамен алуға мүмкіндігі бар екеніне сендірді. Одан әрі, ол, такси жүргізушілеріне тауарды сатуға көмектесемін деп уәде берді. Ол үшін жеке такси жүргізушілері тиімді кәсіпке «қаражат салу» үшін ақшаны тез арада тауып, қаскөйге беруі керек болды. Өкінішке орай, қаланың үш тұрғыны қаскөйдің қылмыстық желісіне түсіп қалды», — деді, Медеу аудандық полиция Басқармасы бастығының орынбасары Тимур Мулинов.
Тергеу, жәбірленушілердің одан да көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды, сондықтан полиция қызметкерлері С.есімді азаматтың әрекетінен зардап шеккен адамдарды Медеу аудандық ПБ-на немесе мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуға шақырады: 254-48-02; 254-48-01; 8-707-142-01-11.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?